Елордада жазғы алаңдарды орнату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 502-3134 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 қыркүйекте № 39851 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 8-бабының 23) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Елордада жазғы алаңдарды орнату қағидалары осы қаулыға қосымша сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. "Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 502-239 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1369-01 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 502-3134
Астана қаласы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Елордада жазғы алаңдарды орнату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елордада жазғы алаңдарды орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 8-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Астана қаласының аумағында жазғы алаңдарды орнату тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) аумақты абаттандыру элементтері – абаттандырудың құрамдас бөліктері ретінде пайдаланылатын сәндік, техникалық, жоспарлау, конструктивтік шешімдер, ландшафт элементтері, жабдықтар мен ресімдеудің түрлері, шағын сәулет объектілері, стационарлық емес құрылыстар, сыртқы жарнама және ақпарат, сондай-ақ қалалық орта субъектілерін ұйымдастыру жүйесі;

      2) жазғы алаң – қоғамдық тамақтану объектісіне тікелей іргелес, тамақтануға және тұтынушылардың демалысына (немесе онсыз) қосымша қызмет көрсетуге арналған, жеңіл салынатын уақытша құрылымнан (терраса, дәліз, шығарылатын үстелдер) тұратын, жылытылмаған күрделі құрылыс объектісі болып табылмайтын аумақты абаттандыру элементі;

      3) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      4) қасбеттердің сәулеттік элементтері – ғимараттың (құрылыстардың) сыртқы қабырғаларын безендіретін бөлшектер;

      5) қоғамдық тамақтану объектісі – тамақ өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді, өткізуді және тұтынуды, оның ішінде оны тұтынуға арналған орындарды ұсынумен ұйымдастыру жөніндегі объект.

      Қоғамдық тамақтану обектілері мынадай санаттарға бөлінеді:

      мейрамхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделі астың түр-түрін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі;

      дәмхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес астың түр-түрін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі;

      бар – тұтынушыларға тіске басар, десерт және кондитерлік тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс обектісі;

      асхана – тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі;

      6) сәулет істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және урбанистика саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі;

      7) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың теңгеріміндегі, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша бес метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

2-тарау. Жазғы алаңдарды орнату тәртібі

      3. Астана қаласының аумағында жазғы алаңдарды орнату Қазақстан Республикасының тұрғын үй, жер қатынастары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, сауда қызметін реттеу, өрт қауіпсіздігі заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      4. Көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағында жазғы алаңдарды орнату үшін мүдделі кәсіпкерлік субъектілері жазғы алаңды орнату мәселесін қарастыру туралы ұсыныспен мүлік меншік иелері бірлестігіне не кондоминиум объектісін басқару субъектісіне жүгінеді.

      5. Мүлік меншік иелері бірлестігі не кондоминиум объектісін басқару субъектісі жазғы алаңды орнату мәселесін "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 42-бабында және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының "Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі айлық және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20283 болып тіркелді) бекітілген Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларында көзделген тәртіппен пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысының қарауына шығарады.

      6. Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жазғы алаңды орнату туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, мүдделі кәсіпкерлік субъектілері жазғы алаңды осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес орнатады.

      7. Көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағына жатпайтын жер учаскелерінде жазғы алаңдарды орнату үшін мүдделі кәсіпкерлік субъектілері жазғы алаңды орнатуды жер учаскесінің иесімен, ал жер учаскесінің бірнеше иесі болған жағдайда – жер учаскесінің барлық ортақ меншік иелерімен келіседі.

      8. Жазғы алаңдарды орнату кезінде кәсіпкерлік субъектілері пайдаланушы ұйымдардың бірінші талабы бойынша инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      9. Жазғы алаңдарды топырақ беттерінің үстіне және шөп жамылғысының (көгалдың) үстіне орнатуға технологиялық төсем ұйымдастырылған жағдайда жол беріледі.

      10. Қоғамдық тамақтандыру объектісінің жанында жазғы алаңдарды орнатуға қоғамдық тамақтандыру объектісіне тікелей кіру (шығу) болған кезде жол беріледі.

      11. Жазғы алаңдарды көшелердің, даңғылдардың, аллеялардың, өткелдердің, алаңдардың, жолдардың, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарының шекарасынан тыс орнатылады.

      12. Жазғы алаңдар көшелердің, даңғылдардың, аллеялардың, тұйық көшелердің, алаңдардың, автомобиль жолдарының, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының шекарасынан тыс орнатылады.

      13. Жазғы алаңдарды орнату орнатылатын уақытша конструкциялардың ерекшеліктері мен конструктивтік шешімдері ескеріле отырып, халықтың жүріп-тұруы қиын мобильдігі төмен топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады.

      14. Мыналарда:

      1) ғимараттардың аркаларында, гүлзарларда, алаңдарда (балалар, демалыс, спорттық, қалалық көлік тұрақтары);

      2) қалалық жолаушылар көлігінің аялдама пункттерінде, сондай-ақ отырғызу алаңдарының шекарасынан 20 метр жақын жерде;

      3) жерасты, жер үсті және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінен бес метрге жақын;

      4) тұрғын үйлердің және олардың кіріктірілген-жапсарлас салынған орын үй-жайларының пайдаланылмайтын шатырларында, сондай ақ тұрғын үйлердің ішкі аулаларында;

      5) ағаштардың, бұталардың діңдерінің айналасында немесе олардың үстінде жайластырылатын және олардың тәждерінің, діңдерінің тікелей жазғы алаңның ішіне толық немесе ішінара жабылуына әкеп соғатын құрылымдарды (жабдықтарды) пайдалана отырып;

      6) тұрғын емес ғимараттардың бірінші қабаттарынан жоғары орналасқан және жеке кіреберісі жоқ қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жер учаскелерінде;

      7) темір жол өтпелері мен автомобиль эстакадаларының, көпірлердің астында;

      8) өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникасының еркін келуіне немесе инженерлік инфрақұрылым объектілеріне (энергиямен жабдықтау және жарықтандыру объектілеріне, құдықтарға, крандарға, гидранттарға) қол жеткізуге кедергі келтіретін орындарда.

      _______________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады