"Жарқайың ауданы бойынша тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" Ақмола облысы Жарқайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2026 жылғы 7 тамыздағы № 8С-71/2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39537 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жарқайың ауданы бойынша тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" Ақмола облысы Жарқайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25570 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады