Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылады деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 281 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 24 тамызда № 39664 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №345 "Қарасай ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5762 болып тіркелген);

      2) Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 наурыздағы №124 "Қарасай ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6095-05 болып тіркелген).

      2. "Қарасай ауданының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай ауданының әкімі Ж. Естенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады