"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 1 "Қарасай ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228-05 болып тіркелген).
2. "Қарасай ауданының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасай ауданының әкімі | Ж. Естенов |