"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарасай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Айнабеков |
| Қарасай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 59-3 шешіміне қосымша |
Қарасай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қарасай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 8-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042-05 болып тіркелген).
2. "Қарасай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 8-3 "Қарасай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы" Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 24-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6155-05 болып тіркелген).
3. "Қарасай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы "Қарасай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 8-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырлар енгізу туралы" Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 29-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6201-05 болып тіркелген).