"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/58-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30658 болып тіркелген);
2) "Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/58-VII "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/62-VIIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 152-18 болып тіркелген).
2. "Абай облысы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Р. Хазипов |