Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 12 қазандағы № 41/278-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 қазанда № 40152 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/58-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30658 болып тіркелген);

      2) "Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/58-VII "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/62-VIIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 152-18 болып тіркелген).

      2. "Абай облысы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Хазипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады