Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27/178-VIII "Абай облысы Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2026 жылғы 18 маусымдағы № 43/272-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 маусымда № 39013 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес  Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы 27/178-VIII "Абай облысы Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 455-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Курчатов қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Курчатов калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады