Жарма аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/114-VII "Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 35/621-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 шiлдеде № 39221 болып тіркелді

      Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/114-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25232 болып тіркелген) шешіміне мынандай өзгеріс енгізілсін:

      Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерінде көрсетілген шешімнің қосымшасының 5-тармағы мынандай редакцияда жазылсын:

      "5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. "Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Оспанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады