"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қордай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қордай аудандық мәслихатының төрағасының м.а. | К. Кипчакбаева |
| 2026 жылғы 15 шілдедегі № 67-4 | |
| Шешіміне қосымша |
Қордай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1."Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 10-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5108 болып тіркелген);
2."Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 10-3 "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 шілдедегі № 27-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5220-08 болып тіркелген);
3."Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 10-3 "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 36-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5251-08 болып тіркелген).