Салық салу обьектісінің Т. Рысқұлов ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № 254 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 10 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 қаңтарда № 37882 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 3 тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Салық салу обьектісінің Т.Рысқұлов ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №254 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4807 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Т.Рысқұлов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Т. Рысқұлов ауданы әкімі Е. Есиркепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады