"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының "Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 55-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Жетісу облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | Р.Салыкова |