"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 294 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6644 болып тіркелген);
2) "Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы" Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 16 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6669 болып тіркелген).
2. "Жалағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі | А. Ибраимов |
