Шиелі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 3 тамыздағы № 25/5 "Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 51/2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 қыркүйекте № 39974 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Шиелі аудандық мәслихаттың "Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 3 тамыздағы № 25/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29060 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.

      2. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы М. Турабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады