Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 224 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) "Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10055 болып тіркелген);

      2) "Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371 "Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 304 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10246-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады