Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және Лисаков қаласында тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) процент мөлшерінде айқындалды.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттiгіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес тоқсанына бір рет мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
"Тұрғый үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.".
2. "Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихатының төрағасы | К. Мухамадиева |