Меңдіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 тамыздағы № 294 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 тамызда № 39645 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудаңдық мәслихаттың төрағасы К. Рахметкалиев

  Mәслихаттың
  2026 жылғы 19 тамыздағы
  № 294 шешіміне
  қосымша

Меңдіқара аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Меңдіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10134-10 болып тіркелген).

      2. "Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Меңдіқара ауданы мәслихатының 2024 жылғы 11 қазандағы № 155 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10296-10 болып тіркелген).

      3. "Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Меңдіқара ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 180 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10389-10 болып тіркелген).

      4. "Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Меңдіқара ауданы мәслихатының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 192 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10438-10 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады