"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 197/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7591-14 болып тіркелген);
2) "Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 197/22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 325/34 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7672-14 болып тіркелген)".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Мукашев |
