Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы мәслихатының 2026 жылғы 13 шілдедегі № 245/8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 шілдеде № 39308 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысы Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

  Железин аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
13 шілдедегі № 245/8
шешіміне қосымша

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7418-14 болып тіркелген);

      2. "Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 "Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 131/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7595-14 болып тіркелген);

      3. "Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 "Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 161/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7634-14 тіркелген);

      4. "Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 "Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 176/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669-14 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады