Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2026 жылғы 21 мамырдағы № 7/40 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 маусымда № 38872 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

  шешіміне қосымша

Май аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7432-14 болып тіркелген).

      2. "Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1/17 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590-14 болып тіркелген).

      3. "Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қазандағы № 3/19 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7608-14 болып тіркелген).

      4. "Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" Май аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 наурыздағы № 1/26 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7644-14 болып тіркелген).

      5. "Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Май аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 1/27 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7656-14 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады