"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2 тармағына сәйкес, Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Щарбақты ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Шарбақты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.
| Шарбақты ауданының әкімі | С. Иманкулов |
| Шарбақты ауданы әкімінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 3 |
|
| Шарбақты ауданы әкімінің 2026 жылғы № шешіміне қосымша |
Шарбақты ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 2 "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген).
2. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 11 "Аудан әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне өзгерту енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4829 болып тіркелген).
3. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 14 "Аудан әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген).
4. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2019 жылғы 06 маусымдағы № 10 "Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген).
5. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 19 "Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6709 болып тіркелген).
6. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 3 "Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23572 болып тіркелген).
7. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1 "Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 2 "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31383 болып тіркелген).