"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |
| Солтүстік Қазақстан | |
| облыстық мәслихатының | |
| 2026 жылғы 25 қыркүйектегі | |
| № 40/10 шешіміне | |
| қосымша |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 15/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1712 болып тіркелген).
2. "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 15/8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 28 маусымдағы № 35/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1782 болып тіркелген).
3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 13/28 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2257 болып тіркелген).