"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы | Е. Жакенов |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Аққайың ауданы мәслихатының | |
| 2026 жылғы 25 тамыздағы | |
| № 38-4 шешіміне | |
| қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1."Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 болып тіркелген);
2."Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 37-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6139 болып тіркелген);
3."Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 2-14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7289 болып тіркелген);
4."Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 9-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27169 болып тіркелген).