"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4423 болып тiркелген);
2) "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 22 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 298 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6438-13 болып тiркелген).
2. "Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Н. Кушеров |