Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/228-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5627 болып тіркелген);
2) "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/228-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/154-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9118-16 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |