Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 46/2-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 40008 болып тіркелді

      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алтай ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін Алтай ауданының мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтарынаң бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Шығыс Қазақстан облысы
Алтай ауданының мәслихат төрағасы
Л. Гречушникова

  Алтай ауданының
мәслихатының
2026 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 46/2-VIII шешіміне
қосымша

Алтай ауданының мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-154 болып тіркелген).

      2. "Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI "Зырян ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 20/7-VII Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29788 болып тіркелген).

      3. "Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 22/3-VII Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29872 болып тіркелген).

      4. "Алтай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/3-VIII Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8967-16 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады