"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4893 болып тіркелген) қаулысы;
2) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 13 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5065 болып тіркелді) қаулысы.
2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |