Бал ара шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 Заңы.

     

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) аналық бал ара – молықтыру функциясын орындайтын, дамыған жыныстық жүйесі бар бал ара ұясының дара аналығы;

      1-1) аспаптық ұрықтандыру пункті – арнайы жабдықты пайдаланып, аналық бал араларды жасанды ұрықтандыру жүргізілетін арнаулы үй-жай;

      1-2) асыл тұқымды аналық бал ара – ұрпағына тұрақты түрде беретін асыл тұқымдық құндылығымен сипатталатын, өнімділігі жоғары бал ара ұясының таза тұқымды аналық бал арасы;

      2) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      3) асыл тұқымды бал ара ұясы – асыл тұқымды аналық бал арадан, сондай-ақ бал аралардан, аталық бал арадан және белсенді кезеңде асыл тұқымды аналық бал арадан алынған тұқымдықтан тұратын өнімділігі жоғары тұтас биологиялық бірлік;

      3-1) аталық бал ара – молықтыру функциясын орындайтын бал ара ұясының дара аталығы;

      3-2) бал – бал аралардың жинаушылық және физиологиялық қасиеттері нәтижесінде алынған, өсімдіктер шірнесінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінің бөліндісінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінде паразиттік тіршілік ететін жәндіктердің бөліндісінен пайда болатын, бал аралар жинайтын, өздері бөлетін ерекше заттарымен араластырып түрлендіретін, кәрездер ұяшығына салатын, сусыздандыратын, жинақтайтын және пісіп-жетілуі үшін кәрездерде қалдыратын табиғи өнім;

      3-3) бал аралардың кәрез пакеті – тасымалдау үшін жәшікке жиналған, кәрездері мен тұқымдығы бар бал ара ұясы;

      3-4) бал аралардың кәрезсіз пакеті – тасымалдауға арналған, кәрезсіз жәшіктегі аналық бал ара мен қорегі бар бал аралар;

      4) бал араның бал ұясы – бір немесе бірнеше бал ара ұясын ұстауға арналған құрылысжай;

      5) бал арасын қорғау құралдары – бал ара шаруашылығында пайдаланылатын иммундық-биологиялық, биологиялық, өсiмдiктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық және басқа да ветеринариялық препараттар;

      6) бал ара тұқымы – белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда қалыптасқан, селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы нәтижесінде морфологиялық, физиологиялық және шаруашылықта пайдалы қасиеттерді іріктеу, сұрыптау арқылы сүйемелденетін, мұрагерлік бойынша тұрақты түрде берілетін белгілер жиынтығына ие жалпы тектес бал ара ұяларының тобы;

      7) балауыз тетік – бал ара немесе аталық бал ара ұяшықтарының бедерлі түбі бар балауыз парақ;

      8) бал ара ұяларының зиянкестерi – бал араларын жеу мақсаты үшiн өлтiретiн немесе балды ұрлау және (немесе) бүлдiру арқылы бал ара ұясына зиян келтiретiн жануарлардың, құстар мен жәндiктердiң жекелеген түрлерi;

      9) бал ара ұяларын тасымалдау (көшiру) – бал ара ұяларын бал жинауға және энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыруға шығару;

      10) бал ара ұясы – аналық бал арадан, бал аралардан, аталық бал аралардан, белсенді кезеңде тұқымдығы бар ұядан және қоректен тұратын қоғамдастық;

      11) бал ара шаруашылығы – жұмыс iстеу негiзi энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыру мен олардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бал араны өсiру, ұстау және пайдалану, бал ара шаруашылығы өнiмдерiн алу болып табылатын ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң саласы;

      12) бал ара шаруашылығы өнімдері – бал ара ұясының жинаушылық және физиологиялық қасиеттері арқасында алынған өнімдер;

      13) бал ара шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – бал ара шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) көшпелi омарта – орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерiнде немесе энтомофильдi өсiмдiктер алабында орналасатын омарта;

      14-1) оқшауланған шағылыстыру пункті – бал аралардың аудандастырылған тұқымдарын, бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтауға, жақсартуға және молықтыруға арналған, жергілікті жердің әдейі таңдалған учаскесі;

      15) омарта – бал ара ұялары бар белгілі бір жерде орналастырылған бал араның бал ұялары;

      15-1) омартаның ветеринариялық паспорты – омартаның иесі, бал ара ұяларының саны, жүргізілген ветеринариялық өңдеулердің мерзімі мен сипаты көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;

      16) тұрақты омарта – бiр жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта;

      17) энтомофильдi өсiмдiктер – жәндіктер тозаңдандыратын өсiмдiктер.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдар

      1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-1-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты – бал ара шаруашылығын дамыту, сондай-ақ бал араларды қорғау мен сақтау үшін жағдай жасау.

      2. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:

      1) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

      2) бал ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру және дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру;

      4) бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды есепке алуды ұйымдастыру;

      5) бал ара шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау.

      3. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:

      1) бал ара тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) бал ара шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау;

      3) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тең қолжетімділік;

      4) бал ара шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы;

      5) бал ара шаруашылығын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

3-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысу құқығы

      1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығымен айналысуға құқығы бар.

      2. Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін мемлекеттік органның қандай да бір рұқсатын алу талап етілмейді.

4-бап. Омарталарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру тәртібі

      1. Омарталарды орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда жер учаскелері беріледі.

      2. Орман қорының жеріне омарталар орналастыру орман ортасына зиян келтірілмей, Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерінде омарталарды орналастыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап. Омартаны құру және жерді пайдалану

      1. Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлға бал ара ұяларын омарта құрады, оның қосалқы үй-жайы мен құралдары болады және өзінің пайдалануындағы жер учаскесінде орналастырылады. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке немесе заңды тұлға жер туралы заңдарға сәйкес жер учаскесінің меншік иелерімен және жерді пайдаланушылармен келісе отырып, басқа жер учаскесін пайдалана алады.

      2. Жеке және заңды тұлғалар күтіп ұстай алатын бал ара ұяларының санына шек қойылмайды.

      3. Омарталарда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен бал араларының Қазақстан Республикасында тұқымдық аудандастыру жоспарына сәйкес белгілі бір жерде аудандастырылған тұқымдардың бал аралары ғана ұсталуға тиіс.

6-бап. Омарталарды орналастыру

      1. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін орындарда орналастырады. Омарталарды қауіпсіз орналастыруды реттеу тәртібін аудандық (қалалық) атқарушы органдар белгілейді.

      2. Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және стационарлық омарталардан үш километр қашықтықта бал жинау көздерінде орналастырылуға тиіс.

      Стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарды энтомофильді өсімдіктерді егу және (немесе) отырғызу арқылы іргелес аумақтарда бал шырынды базаны ұйымдастыратын стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарға бес километрге жақын жерде орналастыруға жол берілмейді.

      Стационарлық және көшпелі омарталарды бұрын орналастырылған басқа омартадан бал жинау көздеріне қарай бал аралардың ұшу жолында орналастыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2004 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңарымен.

7-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға салық салу

      1. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленбеген салықтар мен басқа да төлемдерді енгізуге және жинауға тыйым салынады.

3-тарау. БАЛ АРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ

8-бап. Бал араларды қорғау және молықтыру

      Бал араларын қорғауды және молықтыруды меншік иесі:

      1) бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындары мен орын ауыстыру жолдарын қорғау;

      2) омарталарға ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету;

      3) бал аралар орналасқан ареалдарда бал ара ұяларының оңтайлы санын қамтамасыз ету;

      4) бал араларын ғылыми негізделген түрде және ұтымды пайдалану;

      5) бал ара ұяларын бұзып қирату мен қасақана жоюдың алдын алу жөнінде шаралар қолдану;

      6) өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде бал араларын қорғау;

      7) бал араларын сақтауға бағытталған қызметке жәрдемдесу арқылы жүзеге асырады.

9-бап. Бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындарын және орын ауыстыру жолдарын қорғау

      Бал аралар санының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау, олардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шараларды, бал араларын сақтау және олардың тіршілігі үшін ерекше құнды саналатын учаскелер мен өсімдіктерге қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге міндетті.

10-бап. Бал араларын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар және басқа да препараттар қолданылған кезде қорғау

      1. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.

      Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

      2. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолданатын жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуынан бес күн бұрын осы жайында өңделетін учаскелерден жеті километрге дейінгі радиуста омарталары бар омарташылары бар омарташыларға жазбаша ескертуге, қолданылатын препарат, оның уыттылығы және оқшаулау мерзімдері туралы хабарлауға міндетті.

11-бап. Орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде бал араларын қорғау

      Тұрақты омарталар орналасқан жерден үш километрге дейінгі радиуста, ормандардың санитариялық жай-күйін және оларды молықтыру жағдайларын жақсартатын реттерді қоспағанда, бал жинау көздері - ағаштар мен бұталарды кесуге, сондай-ақ сәмбі тал қабығын дайындауға тыйым салынады.

12-бап. Бал араларын мекендеу ортасы жағдайында қорғау

      1. Бал араларының пайдалы қасиеттерін пайдалану, сондай-ақ олар мекендейтін орта жағдайында бал ара шаруашылығы өнімдерін алу жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бал аралар мекендеген орта жағдайларында ұяларды және бал ара ұялары орналасқан басқа да жерлерді бұзып қиратуға, сондай-ақ бал ара ұяларынан бал алуға жол берілмейді.

      3. Егер бал ара ұясы өзі мекендейтін орта жағдайында адамның тіршілігін қиындатса, мұндай бал ара ұясын көшіру мүмкін болмаған кезде, көшіру немесе жою бал ара шаруашылығы саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіледі.

13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру). Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау

      Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру) ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс. Тасымалдауды (көшіруді) жүзеге асыратын көлік құралдарын кідірту бал ара ұяларына құрып кету қауіптерін төндірмей жүргізілуге тиіс.

      Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

14-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті

      Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) бал ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) алып тасталды – 10.01.2006 N 116 Заңымен;

      4) берілген өкілеттіктер шегінде бал ара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;

      5) алып тасталды – 10.01.2006 N 116 Заңымен;
      6) алып тасталды – 10.01.2006 N 116 Заңымен;
      7) алып тасталды – 10.01.2006 N 116 Заңымен;

      8) бал ара шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты;

      9) бал араларды қорғау мен молықтыруға бағытталған ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруды;

      10) алып тасталды

      11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2006 N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-1-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Ескерту. 14-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылауды;

      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыруды;

      3) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіруді;

      3-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бал араларды қорғау, молықтыру және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды және (немесе) қамтамасыз етуді;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу

      1. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу, сондай-ақ балауыз тетіктерін өндіру Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.

      3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекiткен аса қауiптi аурулар тiзбесiне енгiзілген ауруларға қарсы күресу мақсатында ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс.

      4. Омарталарды есепке алу және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар әрбір омартаға ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысанда омартаның ветеринариялық паспортын береді.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы ветеринариялық-санитариялық сараптама

      Бал ара шаруашылығының өндірілген немесе дайындалған өнімдері Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілгеннен кейін өткізілуге тиіс.

17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы

      1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығы саласындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) өсіру және (немесе) өткізу жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бал аралардың аудандастырылған тұқымдары мен бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтау, жақсарту және молықтыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктін және (немесе) аспаптық ұрықтандыру пунктін аша алады.

      3. Жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктінде қызметін жүзеге асыру кезінде бір мезгілде мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) ұрықтандырылмаған аналық бал араларды шығу тегі белгілі бір тұқымның аталық бал араларымен бақыланатын жұптастыру бойынша қызметтер көрсету;

      2) оқшауланған шағылыстыру пункті жұмысының бүкіл кезеңінде тиісті сападағы аталық ұяларды күтіп-ұстау және аталық бал аралардың жеткілікті санының болуы;

      3) аналық бал араның жұмыртқа салуының басталуы туралы құжатты және аталық ұялардың шығу тегі туралы деректерді беру;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де талаптарды сақтау.

      4. Оқшауланған шағылыстыру пункті үшін берілген жергілікті жер учаскесінің айналасында радиусы жеті километр болатын қорғаныш аймағы белгіленеді. Қорғаныш аймағына селекциялық процеске қатыспайтын аталық бал аралары бар бал ара ұяларын әкелуге тыйым салынады.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2026 № 319-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

18-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу

      Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарының бұзылу салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтеледі.

19-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік

      Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

On Beekeeping

The Law of the Republic of Kazakhstan dated 12 March, 2002 No. 303.

      Unofficial translation

      The Law regulates relations in the field of producing of beekeeping products, protection, use and reproducing of bees, effective appliance of them for fertilization of agricultural crops and all fertilized flora, creation of conditions for increasing of productiveness of the beekeeping as well as plant production, provision of warrants of observance of rights and interests of individuals and legal entities engaged in beekeeping.

Chapter 1. General provisions

Article 1. Basic definitions used in the Law

      The following basic definitions are used in the Law:

      1) a mother bee – a female is providing the reproducing of a bee community;

      2) excluded by the Law of the Republic of Kazakhstan dated 27.11.2015 № 424-V (shall be enforced upon the expiration of six months after the day of its first official publication);

      3) a breeding bee community – a high-productive community of genuine high-grade bees, steadily reproducing of its breed characteristics;

      4) a beehive – a construction for keeping of bee community;

      5) facilities of the bees protections – immunobiological, biological, vegetative, chemical, chemical and pharmaceutical and the other veterinary preparations used in the beekeeping;

      6) an empty honeycomb – artificially produced thin wax sheet of the relevant size with foundation meshes stamped on them;

      7) a breed of bees - integral group of the bee communities of general origin formed under the influence of creative activity of human in special household and natural conditions, quantitatively enough for breeding “in it” and having the economic and breeding value;

      8) pests of the bee communities – particular types of animals, birds and insects that kill bees for feed purposes or inflicting harm by stealing and (or) damaging of honey;

      9) a transportation (movement) of the bee communities – removal of the bee communities on the honeyflow and fertilization of entomophilous plants;

      10) a bee community – integral biological unit which consists of worker-bees, drones and the mother bee which live in a beehive or in a nest;

      11) beekeeping – a branch of agricultural industry, the functioning base of which is the breeding and use of bees for fertilization of entomophilous plants and increasing of their yield, getting of beekeeping products;

      12) beekeeping products – products received through the collective and physiological characteristics of bees (honey, wax, bee pollen load, ambrosia, propolis, royal jelly, bee poison, drone homogenate), as well as bees themselves;

      13) an authorized state body in the field of beekeeping – a central executive body which carries out the administration in the field of beekeeping;

      14) an out-apiary – an apiary which is allocated by movement at sources of honeyflow or massifs of entomophilous plants;

      14) an apiary – beehives with the bee communities and necessary property for beekeeping allocated in the special place;

      16) a stationary apiary – an apiary allocated in the permanent place during a year;

      17) entomophilous plants – plants fertilized by insects.

      Footnote. Article 1 is in the wording of the Law of the Republic of Kazakhstan dated 15.07.2011 No. 461-IV (shall be enforced from 30.01.2012); as amended by the Law of the Republic of Kazakhstan dated 27.11.2015 № 424-V (shall be enforced upon the expiration of six months after the date of its first official publication).

Article 2. Legislation of the Republic of Kazakhstan on the beekeeping

      1. The legislation of the Republic of Kazakhstan on the beekeeping is based on the Constitution of the Republic of Kazakhstan and consists of this Law and the other regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan.

      2. If international treaty, ratified by the Republic of Kazakhstan, establishes other rules, than those contained in the Law, the rules of international treaty shall be applied.

Chapter 2. Activities in the field of beekeeping

Article 3. Right on occupation by beekeeping

      1. Individuals and legal entities shall have right on occupation by beekeeping.

      2. For occupation by beekeeping the receiving of any permission of the state body shall not be required.

Article 4. The procedure of granting land lots for placement of apiaries

      1. Land lot for placement of apiaries shall be provided for individuals and legal entities according to the procedure and terms provided by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      2. Placement of apiaries on land of the forest fund shall be carried out without inflicting harm for forest environment according to the procedure and terms provided by the forest legislation of the Republic of Kazakhstan..

      3. Placement of apiaries on land of the natural areas of special protection shall be carried out in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on the specially protected natural areas.

Article 5. Formation and land use of apiaries

      1. Individual and legal entity in order to be occupied by beekeeping shall form apiary of bee communities which has a utility room, equipment and shall be allocated on the land lot being in its use. Individual or legal entity engaged in beekeeping may use other land lots on agreement with owners of land lots and land-users in accordance with the land legislation.

      2. Quantity of bee communities which may be maintained by the individuals and legal entities is not limited.

      3. On apiaries the bees are to be occurred only of regionalized in one or another location breeds according to plan of their breed regionalization in the Republic of Kazakhstan established by the authorized body in the field of livestock breeding.

Article 6. Placement of apiaries

      1. Individuals and legal entities shall allocate apiaries in places where the safety of people shall be provided. The procedure of regulation of safety placement of apiaries shall be determined by the district (urban) executive bodies.

      2. The out-apiaries shall be allocated at sources of honeyflow in a distance no closer than one and half kilometers from one another and no closer than three kilometers from stationary apiaries. The placement of stationary and out-apiaries on the way of flying of bees from the other allocated apiary to the sources of honeyflow.

      Footnote. Article 6 as amended by the Law of the Republic of Kazakhstan dated 20 December, 2004 No. 13 (shall be enforced from 1 January, 2005).

Article 7. Taxation of individuals and legal entities engaged in beekeeping

      1. Taxation of individuals and legal entities engaged in beekeeping shall be carried out according to the tax legislation of the Republic of Kazakhstan.

      2. The introduction and collection of taxes and other payments not established by the tax legislation of the Republic of Kazakhstan is prohibited.

Chapter 3. Protection of bees

Article 8. Protection and reproducing of bees

      Protection and reproducing of bees shall be carried out by owner by:

      1) protection of habitat of bees, conditions of breeding, places of movements and ways of migration of bees;

      2) veterinary and sanitary serving of apiaries;

      3) provision of optimal quantity of bee communities in range of their resettlement;

      4) scientifically-based and rational use of bees;

      5) taking measures on prevention of ruin and intentional elimination of bee communities;

      6) protection of bees upon appliance of facilities of plants protection, mineral fertilizers and other drugs;

      7) supporting of activity aimed at preserving of bees.

Article 9. Protection of habitat, conditions of breeding, places of movements and ways of migration of bees

      Individuals and legal entities that carry out the activity which may lead to reduction of number of bees, are obliged to ensure the measures on their protection, preserving of their habitat, inviolability of allotments and plants especially valuable for preserving and life sustenance of bees.

Article 10. Protections of bees upon appliance of protection facilities, mineral fertilizers and other drugs

      1. Appliance of protection facilities, mineral fertilizers and the other preparations for processing of honey plants shall be carried out according to the procedure provided by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      The list of protection facilities of plants, mineral fertilizers and other drugs applied for processing of honey plants shall be approved by the authorized state body in the field of beekeeping.

      2. Individuals and legal entities that apply the protection facilities of plants, mineral fertilizers and other drugs for processing of honey plants shall in the five days before the beginning of work warn on it in written form the beekeepers that have apiaries within a radius of to seven kilometers from cultivated allotments, inform on applied drugs, its toxicological information and term of isolation.

Article 11. Protection of bees upon performance of forestry works

      Felling of trees and bushes – sources of honeyflow as well as green product of osier tan is prohibited within a radius of up to three kilometers from places of allocation of stationary apiaries except the cases of improvement of level of sanitation of forests and condition of their reproduction.

Article 12. Protection of bees in conditions of their habitat

      1. Activity on use of benefits of bees as well as receiving of products of beekeeping in conditions of their habitat shall be carried out in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on protection, reproduction and use of the animal world.

      2. Ruin of nest and other places of settlement of bee communities in conditions of their habitat as well as selection of honey from nests of bee communities is prohibited.

      3. In case if bee community complicates the life sustenance of human in conditions of its habitat, transportation or elimination upon impossibility of migration of such bee community shall be performed upon participation of specialists in the field of beekeeping.

Article 13. Transfer (movement) of bee communities

      Transfer (movement) of bee communities shall be carried out with observance of veterinary and sanitary rules. Stoppage of transport vehicles carrying out the transfer (movement) shall be performed without threat of wreck of bee communities.

Chapter 4. State regulation in the field of beekeeping

Article 14. Competence of the authorized state body in the field of beekeeping

      The authorized state body in the field of beekeeping shall carry out:

      1) formation and implementation of state policy in the field of beekeeping;

      2) is excluded by the Law of the Republic of Kazakhstan dated 03.07.2013 No. 124-V (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after its first official publication);

      3) (is excluded – dated 10 January, 2006 No. 116 (the order of enforcement See Article 2 of the Law No. 116);

      4) elaboration and approval of regulatory legal acts in the field of beekeeping within provided powers;

      5)-7) (are excluded – dated 10 January, 2006 No. 116 (the order of enforcement See Article 2 of the Law No. 116);

      8) international cooperation in the field of beekeeping;

      9) organization of scientific research aimed at the protection and reproduction of bees;

      10) (is excluded);

      11) other powers provided by this Law, other Laws of the Republic of Kazakhstan, acts of the President of the Republic of Kazakhstan and of the Government of the Republic of Kazakhstan.

      Footnote. Article 14 as amended by the Laws of the Republic of Kazakhstan dated 20.12.2004 No. 13 (shall be enforced from 1 January, 2005); dated 05.07.2011 No. 452-IV (shall be enforced from 13.10.2011); dated 03.07.2013 No. 124-V (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after its first official publication); dated 19.04.2023 No. 223-VII (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the day of its first official publication).

Article 14-1. Competence of local executive bodies of oblasts (cities of republican importance, the capital)

      A footnote. Title of Article 14-1 with the change introduced by the Law of the Republic of Kazakhstan dated 28.12.2018 № 210-VI (shall be enforced upon the expiration of ten calendar days after the day of its first official publication).

      Local executive bodies of oblasts (cities of republican importance, capitals) carry out:

      1) control for development and protection of beekeeping on the relevant territory of the administrative-territorial unit;

      2) coordination of selective and breeder work and organization of the state supporting of breeder action in the beekeeping in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on the livestock breeding;

      3) coordination of activity on preparing and re-preparing of specialists in the field of beekeeping;

      4) the other powers imposed on the local executive bodies by the legislation of the Republic of Kazakhstan in interests of the local state administration.

      Footnote. Chapter is supplemented by Article 14-1 in accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan dated 10.01.2006 No. 116 (in the order of enforcement See Article 2 of the Law No. 116); as amended by the Law of the Republic of Kazakhstan dated 05.07.2011 No. 452-IV (shall be enforced from 13.10.2011); dated 28.12.2018 № 210-VI (shall be enforced upon the expiration of ten calendar days after the day of its first official publication).

Article 15. Prevention of diseases of bees, their treatment, pest control of bee communities

      1. Is excluded by the Law of the Republic of Kazakhstan dated 15.07.2011 No. 461-IV (shall be enforced from 30.01.2012).

      2. Prevention of diseases of bees, their treatment, pest control of bee communities as well as reproducing of empty honeycombs shall be performed in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on veterinary medicine.

      3. Individuals and legal entities engaged in beekeeping are to be provided by the veterinary drugs in purposes of control of disease included in the list of specially dangerous diseases approved by the Government of the Republic of Kazakhstan.

      Footnote. Article 15 as amended by the Laws of the Republic of Kazakhstan dated 20.12.2004 No. 13 (shall be enforced from 01.01.2005); dated 15.07.2011 No. 461-IV (shall be enforced from 30.01.2012), dated 29.09.2014 No. 239-V (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

Article 16. Veterinary and sanitary expertise in the field of beekeeping

      Produced or prepared products of beekeeping shall be subject to selling after performance of veterinary and sanitary expertise according to the procedure provided by the legislation of the Republic of Kazakhstan on veterinary.

Article 17. Selective and breeding work in the field of beekeeping

      1. Activity of individuals and legal entities on breeding and use of breeder bee communities is to be carried out in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on the livestock breeding.

      2. In order to conserve and improve bee breeds, individuals and legal entities may establish a breeding and marketing facility for pedigree bees in their habitats.

      3. Protective areas with a radius of seven kilometres were being established around the farms, where the importation of bees and other bee mothers, as well as bees and bee mothers of unknown origin, was prohibited.

      Footnote. Article 17 as amended by the Law of the Republic of Kazakhstan No. 424-V dated 27.11.2015 (shall be enforced upon the expiration of six months after the day of its first official publication).

Chapter 5. Responsibility for the breach of the legislation of the Republic of Kazakhstan on beekeeping

Article 18. Compensation of harm inflicted in the result of the breach of the legislation of the Republic of Kazakhstan on beekeeping

      The harm inflicted in the result of the breach of the legislation of the Republic of Kazakhstan on beekeeping shall be compensated according to the procedure provided by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

Article 19. Responsibility for the breach of the legislation of the Republic of Kazakhstan on beekeeping

      Persons that are guilty in the breach of the legislation of the Republic of Kazakhstan on beekeeping shall entail responsibility in accordance with the legislative acts of the Republic of Kazakhstan.

The President
of the Republic of Kazakhstan