2025 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йоркте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандум ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандум
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Үкімет" деп аталады) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасыгың Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы "Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығы" (бұдан әрі "Орталық" деп аталады) мекемесін құруға байланысты Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісім (бұдан әрі "Келісім" деп аталады) жасасқанын назарға ала отырып;
Бас хатшының Кеңсесі атынан Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментін (бұдан әрі "ЭӘМД" деп аталады) ұсынған Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін (бұдан әрі "Министрлік" деп аталады) ұсынған Үкімет арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Үкіметтің ерікті жарнасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қаржы ережелеріне және қағидаларына сәйкес қабылдайтыны туралы шешімнің кабылданғанын назарға ала отырып;
осыған байланысты, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" және әрқайсысы жеке-жеке тиісінше "Үкімет" немесе "Біріккен Ұлттар Ұйымы" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы осымен төмендегілер туралы уағдаласады:
1-бап
Мақсаты
Осы Өзара түсіністік туралы меморандум (бұдан әрі "Меморандум" деп аталады) Келісімге сәйкес құрылған Орталықтың қызметін қолдау үшін Үкімет салған қаражатты пайдалану шарттарын айқындауға және белгілеуге бағытталған.
2-бап
Орталықтың орналасуы және тұратын орны
Келісімге сәйкес Орталық Қазақстан Республикасы Алматы қаласында орналасатын болады.
Орталық Үкімет ұсынған Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303 мекенжайындағы "Біріккен Ұлттар Ұйымы Үйінде" орналасатын болады.
3-бап
Негіздемелік жоспар
3.1. Бас Ассамблея өзінің 2025 жылғы 4 наурызда қабылданған және "Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығы" деп аталған 79/268 қарарында, 1-тармағында Орталықты Алматыда, Қазақстанда ресми құру туралы қаулы қабылдады.
3.2. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының өңірлік ынтымақтастықты ынталандыратын кағидаттарын, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін және Бас Ассамблеяның Орталық Азияға, Ауғанстанға және орнықты дамуға қатысты тиісті қарарларын басшылыққа ала отырып, Орталық Біріккен Ұлттар Ұйымының тұтастай алтандағы жүйесімен ынтымақтастықта Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға орнықты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру мен оларға қол жеткізуге күш салуда қолдау көрсету үшін әлеуетті өсіру, білімді басқару, саясат мәселелері бойынша консультациялар беру және серіктестік байланыстарды дамытуға жәрдемдесу бойынша үйлестіруші құрылым функцияларын орындауды мақсат тұтады.
3.3. Орталықтың негізгі мақсаты өңірлік ынтымақтастықты нығайту және әрекеттердің үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ өңірлік бейбітшілікке, орнықтылыққа және гүлденуге жәрдемдесе отырып, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін кешенді және тиімді негізде жүзеге асыруды үдету мүддесінде Орталық Азия мен Ауғанстанда үкіметтерге және тиісті мүдделі тараптарға мақсатты қолдау көрсету болып табылады. Өз мақсатына қол жеткізу мүддесінде Орталық мынадай:
1) өңір елдеріне орнықты дамуға оның үш - экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өлшемінде қол жеткізуіне көмек көрсетуге бағытталған өңірлік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
2) бағдарламаларға қатысатын елдердің ұлттық басымдықтарымен және жоспарларымен келісілген нақты өңірлік жобаларды қамтитын, оның ішінде орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламаларында көрсетілгендей іс-қимылдың кешенді жоспарын дайындау;
3) Жоғарй Мәртебелі екілдің Кеңсесімен тығыз ынтнмақтастықта Теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған, неғұрлым аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және дамушы шағын арал мемлекеттері бойынша 2024 - 2034 жылдардағы онжылдықтың іс-қимыл бағдарламасын үйлестіріп жүзеге асыруға өз мандаты шеңберінде әрекет ете отырып үлес қосу;
4) Еуропалық экономикалық комиссиямен және Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиямен тығыз үйлесімділік пен ынтымақтастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасымен әлеуетті өсіру және экономикалық даму мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау сияқты негізгі функцияларды орындайды.
3.4. Орталық басшысын Бас хатшы тағайындайды. Орталық басшысы Орталық қызметін жалпы стратегиялық басқару мен басшылықты жүзеге асырады.
3.5. Орталық басшысы Бас хатшыға Бас хатшының бірінші орынбасары арқылы есеп береді. ЭӘМД негізгі ұсынымдарды беруге, сондай-ақ бағдарламалық және әкімшілік қолдау көрсетуге жауапты. Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлерін және басқа персоналды тарту, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу және басқа да әкімшілік және қаржылық рәсімдер Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелерін, қағидаларын, саясатын және рәсімдерін ескере отырып және соларға сәйкес жүзеге асырылады.
3.6. Осы ерікті жарнаның есебінен қаржыландырылатын қызметті бағалау A/RES/79/268 қарарының 11-тармағына сәйкес жүргізіледі және Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
Жұмыс бағдарламасы
Орталық жылдық жұмыс бағдарламасын осы Меморандумның 3-бабында сілтеме жасалған Негіздемелік жоспарға сәйкес әзірлейді және жүзеге асырады. Егер Орталық өз қызметін 2030 жылдан кейін жалғастыратын болса, бағалау жүргізілгеннен кейін осы Меморандумға қызмет етудің қайта қаралған мерзімдерін көрсететін өзгерістер енгізетін болады.
5-бап
Жарналар
5.1. Келісімнің VII бабына сәйкес, Үкімет өзінің сәйкес және тиісті заңдарын, жылдық бюджеттің ережелері мен қағидаларын сақтай алған жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Орталықтың жылдық бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты кететін шығындарын жабу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының иелігіне 2025 жылға 3000000 (үш миллион) АҚШ доллары көлеміндегі соманы және 2026 жылдан бастап 2029 жылды қоса алғанға дейінгі келесі жылдарға жыл сайын 3000000 (үш миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі соманы береді.
5.2. Үкімет алғашқы төлемді осы Меморандумға қол қойылғаннан кейін, ал келесі төлемдерді - әрбір күнтізбелік жылдың бірінші тоқсаны ішінде жоғарыдағы 5.1-тармақта көзделген сомада шектеусіз пайдаланатын айырбасталатын валютада мына банк шотына аударады:
Банктің атауы: JP Morgan Chase Bank
Мекенжайы: 277 Park Avenue, 23rd Floor, New York, NY 10017,
USA
Шоттың атауы: UN Technical Cooperation Activities
Шоттың нөмірі: 485000865
АББ коды: 021-000-021
СВИФТ коды: CHASUS33
5.3. Үкіметтің 5-бапта көрсетілген жарнасы Орталықтың өз қызметін және жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруы үшін ноутбуктар, мониторлар, халықаралық бейнеконференциялар өткізуге арналған AT жүйелер және коммуникациялық жүйелер, Интернет пен телефон байланысына қолжетімділік сияқты жабдыққа қажетті шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайларды, коиференц-залдар мен оқу аудиторияларын бірден жабдықтауға арналған шығыстарды қамтиды. Осы жабдықты ауыстыру Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелеріне, қағидаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі.
5.4. Егер қажет деп танылса және екі тараппен де келісілген болса, Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан мақұлданған жағдайда және Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелеріне, қағидаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес Орталыққа әрқайсысы екі жылдан аспайтын мерзімге персонал қызметін ұсына алады. Мұндай уағдаластықтың нақты шарттары Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы жеке келісімде мазмұндалатын болады.
6-бап
Ағымдағы шығыстар сметасы
6.1. 5.1-бапта көзделген жыл сайынғы жарналар Орталықтың 5 жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелеріне, қағидаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес жұмыс істеуіне сметалық шығыстарды жабатын болады. А-қосымшада Орталықтың алдын ала бес жылға операциялық бюджеті белгіленеді.
6.2. Қызметкерлер мен сарапшылардың нақты санын Біріккен Ұлттар Ұйымы осы Меморандумның 5.1-тармағында көзделген жыл сайынгы жарналарды ескере отырып айқындайды.
7-бап
Орталыққа арналған ерікті жарналар
7.1. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметтің Орталықты ұстауға арналған ерікті қаржылық жарналарын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қаржы ережелері меи қағидаларына сәйкес қабылдайды.
7.2. Ерікті жарнаны және одан қаржыландырылатын қызметті басқаруды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қаржы ережелері мен қағидаларын және Персонал туралы ережелері мен қағидаларын, сондай-ақ әкімішілік қолдау мен персоналды тарту шығыстарына қатысты қағидалар мен саясатты қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелеріне, қағидаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асыратын болады. Тиісінше, персоналды тарту және оны басқару қамтамасыз етіледі; материалдар, жабдық және қызметтер сатып алынады; сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының осындай ережелерінің, қағидаларының, саясаты мен рәсімдерінің мазмұнына сәйкес келісімшарттар жасалады. Орталықтың қызметі аяқталғаннан кейін осы Меморандумға сәйкес берілетін ерікті жарналар есебінен қаржыландырылатын жабдық, материалдар мен мүлік Біріккен Ұлттар Ұйымының билігінде қалады. Үкімет ұсынған қызметтік үй-жайлар осы Меморандумда көзделген жұмыс бағдарламасы аяқталғаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының билігінде қалмайды. Алайда Біріккен Ұлттар Ұйымы үй-жайларда орнатылған кез келген алынбалы құрылғылар мен қосымша жабдықтар Біріккен Ұлттар Ұйымының билігінде қалдырылуы мүмкін.
7.3. Барлық шоттардағы және қаржы ведомостарындағы қаражат АҚШ долларымен көрсетілетін болады.
7.4. Ерікті жарна осы Меморандум шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеккен шығыстарды жабу үшін пайдаланылатын болады.
7.5. Ерікті жарна сонымен бірге көрсетілген ерікті жарна есебінен қаржыландырылатын қызметті жүзеге асыруға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қамтамасыз ететін бағдарламалар бойынша қосалқы қызмет көрсетуге арналған тікелей шығыстардың 13 пайызы мөлшеріндегі алымды жабу үшін пайдаланылатын болады.
7.6. Үкімет Орталыққа 5.1-тармағында көрсетілген сомадан артық қосымша жарналар бермейді. Күтпеген шығыстар туындаған кезде Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметтен қосымша қаржы қаражатын сұрататын болады, олай болмаған жағдайда Ұйым Орталықтың жұмыс бағдарламасының көлемін қысқартуы мүмкін.
7.7. Біріккен Ұлттар Ұйымы ешбір жағдайда өзіне нысаналы қорда көзделген қаражат көлемінен асатын көлемде қандай да бір міндеттемелер немесе міндеттер алмайды.
8-бап
Оперативтік қызмет
8.1. Осы Меморандумның 5-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы осы Меморандум шеңберіндегі қызметін жүзеге асыруды жарналарды алғаннан кейін ғана бастайды және жалғастырады.
8.2. Орталықтың жылдық жұмыс бағдарламасы мен оперативтік бюджеті бойынша ұсынымдар беретін Консультативтік кеңес (бұдан әрі - КК) құрылады. Орталық айналысатын өңірдің бағдарламалық басымдықтары бойынша стратегиялық консультация беретін Халықаралық консультативтік комитет (бұдан әрі - ХКК) құрылатын болады. КК және ХКК құрамы, функциялары мен рәсімдері туралы толығырақ ақпарат Орталықтың Өкілеттік ауқымына сәйкес белгіленетін болады.
9-бап
Қаржылық тізімдеме және есептілік
9.1. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке әр жылдың 30 маусымына қарай Біріккен Ұлттар Ұйымының бухгалтерлік есепке алу және есептілік рәсімдеріне сәйкес дайындалған Орталық үшін мынадай жыл сайынғы ведомостар мен есептілікті ұсынатын болады:
(a) атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы баяндама; және
(b) жиынтық есептеуде 1 қаңтарға арналған қолда бар қаражаттың көлемін, түскен қосымша жарналарды, жалпы шығыстарды, бағдарламалар бойынша қосалқы қызмет көрсетуге арналған шығыстарды және әрбір жылдың 31 желтоқсанына берілген қаражатқа қатысты түпкілікті қалдықты көрсететін жыл сайынғы қаржылық есеп.
9.2. Осы Меморандум шеңберінде берілетін барлық жарналарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қаржы ережелері мен қағидаларында, сондай-ақ оның қаржылық саясаты мен рәсімдерінде көзделген сыртқы және ішкі ревизия туралы ережелер ғана қолданылады.
10-бап
Жауапкершілік және сақтандыру
10.1. Орталық осы Меморандумның 2-бабына сәйкес Үкімет берген Орталықтың қызметтік үй-жайларында болган адамдардың жарақаттануына, мүліктің зақымдануына немесе олардың жоғалуына байланысты үшінші тараптардың Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынуы мүмкін кез келген наразылықтарын қанағаттандыру үшін барабар сақтандыру өтелімін қамтамасыз етеді немесе өзін-өзі сақтандыруды жүзегс асырады.
10.2. Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның қызметкерлері немесе агенттері тарапынан кез келген қасақана немесе аса немқұрайлы әрекеттен немесе өз міндеттемелерін орындамауынан туындаған кез келген жарақатты немесе залалды қоспағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы адамдардың кез келген жарақатына немесе Орталықтың қызметтік үй-жайларына немесе кез келген үшінші тарапқа келтірілген материалдық задал үшін өзіне жауапкершілік алмайды. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы алдыңғы сөйлемге сәйкес Үкіметті өзінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жауапты болуы мүмкін кез келген нұқсанды немесе залалды өтеу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының өзін-өзі сақтандыру жүйесі шеңберінде азаматтық жауаптылықты қамтамасыз етудің тиісті тетіктері бар екеніне және Үкімет мұндай кез келген нұқсан немесе задал үшін жауапты болмайтынына сендіреді.
10.3. Үкіметті және Біріккен Ұлттар Ұйымын қорғау үшін Үкімет Орталықтың қызметтік үй-жайларын өрт, азаматтық тәртіпсіздік, бүлік, вандализм, су тасқыны, жер сілкінісі немесе кез келген басқа да себептер салдарынан болатын залалдан сақтандыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды. Сақтандыру шартында Біріккен Ұлттар Ұйымы қосымша сақтандырылған тарап ретінде көрсетіледі және сақтандыру компаниясына Үкіметтің Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысты құқықтарын суброгациялау құқығынан бас тартуы қамтылатын болады. Үкімет немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы осы тармаққа сәйкес олардан сақтандыру талап етілетін қауіптер немесе жағдайлар салдарынан Орталықтың қызметтік үй- жайларына кез келген зақым келтірілген немесе олар бұзылған жағдайда оның қызметтік үй-жайларын қалпына келтіру немесе реконструкциялау үшін жауапты болмайды. Егер Орталықтың қызметтік үй-жайларына өрт немесе кез келген басқа да себеп салдарынан зақым келтірілсе және сақтандыру полисі барлық қажетті шығыстарды өтемесе, Үкімет Орталықтың қызметтік үй-жайларына ішінара зақым келтірілген жағдайда оларды бастапқы қалпына келтіреді. Егер Орталықтың қызметтік үй-жайлары орт немесе басқа да себеп салдарынан толық қираған немесе өзге де түрде одан әрі онда қызметкерлерді орналастыруға немесе оны пайдалануға жарамсыз болып қалса, Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымына осы Меморандумға сәйкес Орталыққа берілетін қызметтік үй-жайларға ұқсас шарттарға сай Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдануына жарамды, лайықты және барабар келетін басқа қызметтік үй-жайларды уақтылы береді және Орталық пен оның қызметкерлерінің мұндай жаңа қызметтік үй-жайларға көшуіне тікелей немесе жанама түрде байланысты барлық шығыстарды төлейді.
10.4. Жоғарыдағы 10.3-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, егер Орталыққа арналған қызметтік үй-жайлар енді берілмесе немесе қарыздар үшін иеліктен шығару, тәркілеу немесе басқа да заңды алып қою жағдайында, немесе Үкімет жаңа үй-жайлар ұсынса, Үкімет осы Меморандум бойынша ұсынылатын Орталыққа арналған қызметтік үй- жайларға ұқсас шарттарға сай Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін қолдануға жарамды осындай лайықты және барабар келетін басқа үй-жайларды Біріккен Ұлттар Ұйымына уақтылы береді және Орталықтың және оның тиісті персоналының осындай жаңа үй-жайларға көшуіне тікелей немесе жанама түрде байланысты барлық шығыстарды өтейді. Біріккен Ұлттар Ұйымы жаңа үй-жайлар онда орналастыруға дайын болғанша немесе тұрақты үй-жайлар онда орналастыруға дайын болғанға дейін, қайсысы ертерек болуына қарай, қызметтік үй-жайларда болады.
11-бап
Дауларды реттеу
Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы осы Меморандумға байланысты туындайтын барлық даулар Келісімнің IV бабында көзделгендей, Орталыққа mutatis mutandis қолданылатын, 1992 жылғы 5 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша өкілдігін құруға қатысты Келісімнің XX бабында қамтылған, дауларды реттеу туралы ережеге сәйкес шешіледі.
12-бап
Өзгерістер мен толықтырулар
12.1. Осы Меморандумы Тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін және осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып саналатын мұндай өзгерістер 14.1-тармағында жазылған рәсімдерге сәйкес күшіне енеді.
12.2. Осы Меморандумға сәйкес жасалуы талап етілетін немесе рұқсат етілетін кез келген іс-әрекеттерді Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі немесе оның тағайындаған өкілі, ал Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан - Бас хатшы немесе оның тағайындаған өкілі жүзеге асыруы мүмкін.
13-бап
Жұмсалмаған қаражат
Осы Меморандум шеңберіндегі қызмет аяқталғаннан немесе тоқтатылғаннан кейін белінбей және жұмсалмай қалған кез келген қаражат Үкіметпен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында консультациялар өткізілгенге дейін жоғарыдағы 5.2-тармағында көрсетілген шотта сақталатын болады.
Қаражатты пайдалану туралы шешім Тараптар арасындағы консультациялардан кейін қабылданады.
14-бап
Жалпы ережелер
14.1. Осы Меморандум Үкіметке Меморандумның күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы Біріккен Ұлттар Ұйымына жіберген Үкіметтің хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
14.2. Осы Меморандум 5 (бес) жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы екінші Тарапты ағымдағы 5 (бес) жыл өткеңге дейін кемінде 6 (аяты) ай қалғанда оның қолданылуын тоқтату немесе ұзартпау ниеті туралы жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпесе, келесі бес жылға ұзартылуы мүмкін.
14.3. Үкіметтің және Біріккен Ұлттар Ұйымының осы Меморандумға сәйкес қабылдаған міндеттемелері осы Меморандум тоқтатылғаннан кейін Меморандумға сәйкес Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы барлық міндеттемелерді реттеу үшін, оның ішінде кез келген қосалқы мердігерлерге, консультанттарға немесе өнім берушілерге қатысты қажетті көлемде өз күшінде қалады.
14.4. Осы Меморандумға сәйкес ұсынылуы немесе жіберілуі талап етілетін немесе рұқсат етілетін кез келген хабарламалар немесе сұрау салулар жазбаша нысанда жасалуға тиіс.
15-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары меи иммунитеттері
15.1. Осы Меморандумдағы немесе онымен байланысты ешнәрсе қосалқы органдарын қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының қандай да бір артықшылықтары мен иммунитеттерінен айқын немесе болжамды бас тарту болып есептелмейді.
Осыны куәландыру үшін Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымы тиісінше уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Меморандумға 2025 жылғы "22" қыркүйекте әрқайсысы ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі 2 (екі) төлнұсқа данада Нью-Йорк қаласында қол қойды әрі барлық мәтін теңтүпнұсқалы болып табылады. Түсіндіруде алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YKIMETІ ҮІІІІН |
| БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ҮШІН |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығы, Алматы, Қазақстан
Сметалық бюджет (АҚШ доллармен)*
Сипаттама | Лауазым / Персонал сыныбы (саны) |
1 жыл |
2 жыл |
3 жыл |
4 жыл |
5 жыл | Негіздемелік жоспарға байланысты сметалық көпжылдық қаржы бөлу (2025 - 2030 жылдарға арналған жұмыс жоспары) |
Штаттық қызметкерлер және өзге де персонал | |||||||
Орталық басшысы | Нақтылауды қажет етеді** | 358399 | 365567 | 372878 | 380336 | 387943 | 1865123 |
Тұрақты даму мәселелері жөніндегі аға маман | С-5 | 275154 | 280657 | 286270 | 291996 | 297836 | 1431912 |
Тұрақты даму мәселелері жөніндегі маман | С-4 | 241465 | 246294 | 251220 | 256245 | 261369 | 1256594 |
Бағдарламаларды басқару жөніндегі маман | С-4 | 241465 | 246294 | 251220 | 256245 | 261369 | 1256594 |
Бағдарламаларды басқару жөніндегі маман | С-3 | 207302 | 211448 | 215677 | 219991 | 224390 | 1078808 |
Бағдарламаларды басқару жөніндегі көмекші | ОО-6 | 63260 | 64525 | 65816 | 67132 | 68475 | 329208 |
Бағдарламаларды басқару жөніндегі көмекші | ОО-6 | 63260 | 64525 | 65816 | 67132 | 68475 | 329208 |
Әкімшілік көмекші | ОО-6 | 63260 | 64525 | 65816 | 67132 | 68475 | 329208 |
Бағдарламаларды басқару жөніндегі маман (Нью-Йоркте орналасқан) | С-4 | 272631 | 278084 | 283645 | 289318 | 295105 | 1418783 |
Бағдарламаларды басқару жөніндегі көмекші (Нью-Йоркте орналасқан) | ОО-6 | 126363 | 128890 | 131468 | 134097 | 136779 | 657598 |
Ұлттық кадрлар / техникалық сарапшылар / уақытша жіберілген қызметкерлер | |||||||
Функционалдық персонал (аралық қорытынды) | 1912559 | 1950810 | 1989826 | 2029623 | 2070215 | 9953034 | |
Персоналға байланысы жоқ шығыстар | |||||||
Халықаралық сараптамалық консультациялар | 60000 | 60000 | 60000 | 60000 | 60000 | 300000 | |
Бағалау құны *** | 40000 | 40000 | 40000 | 40000 | 160000 | ||
Персоналдың іссапарлары**** | 150000 | 150000 | 150000 | 150000 | 150000 | 750000 | |
Консультативтік кеңес және Халықаралық консультативтік комитет | 70000 | 70000 | 70000 | 70000 | 70000 | 350000 | |
Негіздемелік жоспар мен Жұмыс бағдарламасын іске асыруға байланысты іс-шаралар ***** | 192308 | 137057 | 98041 | 58244 | 17652 | 503302 | |
АТ-жабдықтары және кеңсе керек-жарақтары | 2500 | 2000 | 2000 | 2000 | 2000 | 33000 | |
Жалпы операциялық шығыстар | 130000 | 130000 | 130000 | 130000 | 130000 | 650000 | |
- Жалпы қызметтер көрсетуге шығыстар төлеу | |||||||
- Басқа да операциялық шығыстар | |||||||
- Нью-Йоркте орналасқан қызметкерлерге арналған қызметтік үй-жайлардың құны | |||||||
Есептілік, хабар алмасу және жарияланымдар | 45000 | 45000 | 45000 | 45000 | 45000 | 225000 | |
Өзге де шарттық қызметтер көрсету (Нью-Йоркте орналасқан персоналға арналған шығыстарды қоса алғанда) | 70000 | 70000 | 70000 | 70000 | 70000 | 350000 | |
Барлығы, персоналмен байланысты емес шығыстар | 742308 | 704057 | 665041 | 625244 | 584652 | 3321302 | |
Бағдарламалар бойынша көмекші қызмет көрсетуге арналған шығыстар (13%) | 345133 | 345133 | 345133 | 345133 | 345133 | 1725664 | |
Жалпы қорытынды | $3000000 | $3000000 | $3000000 | $3000000 | $3000000 | $15000000 |
*Бюджет санаттары арасында қаражатты қайта бөлу ресурстарды тиімді пайдалану мен бағдарламаны өзгермелі қажеттіліктеріне жедел әрекет ету үшін жүзеге асырылуы мүмкін.
**Әкімшілік және бюджеттік мәселелер жөніндегі консультативтік комитеттің келісуі болған жағдайда.
***Базалау 2028 және 2030 жылдары жүргізіледі.
****Қызметкерлердің сапарлары Орталықты құруға байланысты сапарларды қамтиды.
*****Бағдарлама жұмысына байланысты іс-шараларды қолдау үшін Орталық қосымша қаражатты алу мақсатында ресурстарды жұмылдыру жөніндегі қызметін жүзеге асыратын болады.