Топырақты қорғау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 341-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 26-баптан қараңыз.

      Осы Заң топырақты қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және олардың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) агрохимиялық зерттеп қарау – өсімдіктерді минералды қоректендіру элементтерінің мөлшерін, топырақтағы ортаның, органикалық заттардың, микроэлементтердің реакциясын және қайта сортаңдану химиясын айқындау үшін жүргізілетін топырақты зерттеп қарау;

      2) мелиорациялық зерттеп қарау – топырақтың қайта сортаңдануының, тұздануының, батпақтануының және эрозиясының белгілері бар топырақ контурларының шекарасын анықтау және нақтылау үшін жүргізілетін топырақты зерттеп қарау;

      3) топырақ – биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде жер бетінде пайда болған, минералдық қатты бөлшектер мен органикалық заттардан, су мен ауадан тұратын және өзіндік ерекше генетикалық-морфологиялық белгілері, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін тиісті жағдай жасайтын қасиеттері бар өздігінен табиғи түрде жылдар бойы қалыптасқан дербес органикалық-минералды табиғи дене;

      4) топырақ сапасы – адамның, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекеті үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге топырақтың қатысу сипаты мен тиімділігін айқындайтын топырақ қасиеттерінің жиынтығы;

      5) топырақ саулығы – адамның, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін топырақтың өнімділік пен биоәртүрлілікті сақтап тұру қабілеті;

      6) топырақты бонитеттеу – топырақтың сапасын және ауыл шаруашылығы алқаптарының табиғи өнімділік қабілетін салыстырмалы бағалау;

      7) топырақты зерттеп қарау – белгілі бір аумақтағы топырақтың қасиеттерін, жай-күйін және кеңістіктегі орнын зерделеу мен анықтау мақсатында жүргізілетін топырақты зерттеп қарау;

      8) топырақты қалпына келтіру – топырақтың сапасын, құнарлылығын, саулығы мен құрылымын қалпына келтіруге бағытталған іс-шара;

      9) топырақты қорғау – топырақты ұтымды пайдалану мен сақтауға, оның тозуын болғызбауға, табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы әсерден қорғауға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық және өзге де шаралар кешені;

      10) топырақты қорғау саласындағы талаптар – шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндетті шарттар және (немесе) шектеулер;

      11) топырақты қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      12) топырақты мониторингтеу – топырақтың жай-күйін жүйелі түрде байқау;

      13) топырақтың бүлінуі – топырақ құнарлылығының төмендеуіне және оның тозуына алып келетін, топырақ пен оның астыңғы қабаттары құрылысының қолайсыз өзгеруі;

      14) топырақтың жай-күйі – топырақтың құрамын, құрылымын және қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы;

      15) топырақтың құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін қолайлы химиялық, физикалық және биологиялық қасиеттері болатын топырақ кескінінің үстіңгі қарашірінді бөлігі;

      16) топырақтың құнарлылығы – өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін топырақтың оларды қажетті қоректендіру элементтерімен қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау қабілеті;

      17) топырақтың құнарсыздануы – топырақ құнарлылығының төмендеу, биоәртүрліліктің азаю және органикалық әрі қоректік заттар мөлшерінің кему процесі;

      18) топырақтың ластануы – топырақта ластаушы заттардың топырақ сапасының экологиялық нормативтерінде белгіленгеннен асатын концентрацияда болуы;

      19) топырақтың тозуы – топырақ сапасының нашарлауымен, құнарлылығының төмендеуімен, биоәртүрлілігінің азаюымен, топырақ құрылымының табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы әсерден бұзылуымен сипатталатын процесс;

      20) топырақты ұтымды пайдалану – топырақтың тозуын болғызбау, оның құнарлылығын сақтау мен жақсарту жөніндегі шараларды қамтитын, оның ықтимал мүмкіндіктері және шектеулер ескеріліп, топырақты оңтайлы пайдалану;

      21) топырақ эрозиясы – топырақ құнарлылығының төмендеуіне алып келетін, табиғи және антропогендік сипаттағы әсерден шайылу және жел қағу салдарынан топырақтың үстіңгі қабатының бұзылу процесі;

      22) тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесі – органикалық және минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалануға бағытталған агрохимиялық және агротехникалық іс-шаралар кешені.

2-бап. Қазақстан Республикасының топырақты қорғау саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының топырақты қорғау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен, халықаралық шарттық міндеттемелерінен тұрады.

      2. Халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

3-бап. Осы Заңның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Осы Заңның мақсаты – топырақты ұтымды пайдалану, топырақты орнықты игеру және топырақты қорғау, оны тозу мен басқа да қолайсыз әсерден қорғау үшін құқықтық негіздер құру.

      2. Осы Заңның міндеттері:

      1) топырақты қорғау саласында мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;

      2) топырақты ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету, тозған топырақты қалпына келтіру;

      3) топырақты қорғау жөніндегі қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;

      4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

      3. Осы Заңның қағидаттары:

      1) топырақты табиғаттың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде сақтау басымдығы;

      2) топырақтың жай-күйі туралы ақпараттың ашық, толық және анық болуы.

2-тарау. ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОБЪЕКТ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕР

4-бап. Топырақты қорғау саласындағы объект

      Топырақ жер бетінің үстіңгі бөлігі ретінде топырақты қорғау саласындағы объект болып саналады.

5-бап. Топырақты қорғау саласындағы субъектілер

      Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары топырақты қорғау саласындағы субъектілер болып саналады.

3-тарау. ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      2) топырақты қорғау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      3) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу және іске асыру функцияларын атқарады;

      4) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес топырақты қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;

      5) топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      6) топырақты қорғау саласында топырақты зерттеп қарауды, мелиорациялық және агрохимиялық зерттеп қарауды, топырақты бонитеттеу мен мониторингтеуді ұйымдастырады;

      7) топырақты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының құзыреті

      Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары:

      1) топырақты қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының топырақты қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      2) топырақты қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны іске асыру барысы туралы есепті облыстардың жергілікті өкілді органдарына және уәкілетті органға ұсынады;

      3) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының топырақты қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      2) топырақты қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, іске асырады және оны іске асыру барысы туралы есепті астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарына және уәкілетті органға ұсынады;

      3) топырақты қорғау саласындағы қызметті ұйымдастырады;

      4) топырақтың ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын ынталандырады;

      5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) топырақты қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асырады және оны іске асыру барысы туралы есепті облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады;

      2) топырақты қорғау саласындағы қызметті ұйымдастырады;

      3) топырақтың ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын ынталандырады;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10-бап. Топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

      Топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау шеңберінде жүргізіледі.

11-бап. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақты қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

      1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың:

      1) топырақтың жай-күйі және топырақты қорғау жөніндегі шаралар туралы анық ақпарат алу үшін мемлекеттік органдар мен уәкілетті мемлекеттік және өзге де ұйымдарға жүгіну;

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың топыраққа келтірген зиян мен залалды өтеуін талап ету құқығы бар.

      2. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар:

      1) топырақты қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      2) топырақты қорғау саласындағы талаптарды орындауға;

      3) бүлінген жерлерді рекультивациялауға;

      4) топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық және агрохимиялық зерттеп қарау, топырақты бонитеттеу мен мониторингтеу үшін жер учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және өзге де міндеттерді атқарады.

12-бап. Топырақты қорғау жөніндегі іс-шаралар

      Топырақты қорғау жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) топырақты ұтымды пайдалану мен сақтауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу;

      2) топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық және агрохимиялық зерттеп қарау, топырақты бонитеттеу мен мониторингтеу;

      3) топырақты өңдеудің топырақты қорғау технологияларын ендіру;

      4) агротехникалық (шаруашылық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар жүргізу;

      5) топырақты мониторингтеудің заманауи технологияларын ендіруді қоса алғанда, топырақтың қорғалуын ғылыми-техникалық және инновациялық сүйемелдеуді, топырақтың тозу процестерін модельдеуді, топырақты қорғау мен топырақты қалпына келтіру тәуекелдерін бағалау және олар бойынша тиімді шешімдердің қолданылуын қамтамасыз ету;

      6) тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесін сақтау, ауыспалы егістерді ендіру және топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға бағытталған өзге де агротехникалық іс-шаралар;

      7) топырақтың қалдықтармен, сарқынды сулармен, химиялық заттармен, оның ішінде пестицидтермен және ауыр металдармен ластануын болғызбау;

      8) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген топырақты қорғау жөніндегі өзге де іс-шаралар.

13-бап. Топырақты қорғау саласындағы зерттеп қарау

      1. Топырақты қорғау саласындағы зерттеп қарауға мыналар жатады:

      1) топырақты зерттеп қарау;

      2) мелиорациялық зерттеп қарау;

      3) агрохимиялық зерттеп қарау.

      2. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалауды қоспағанда, топырақты қорғау саласындағы зерттеп қарауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.

      Агрохимиялық зерттеп қарауды Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханалар (орталықтар) да жүргізуі мүмкін.

      3. Топырақты қорғау саласындағы зерттеп қараудың нәтижесі топырақты қорғау және мониторингтеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады. Агрохимиялық зерттеп қарау нәтижесі топырақтың агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкіне енгізіледі.

      4. Топырақты қорғау саласында зерттеп қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

14-бап. Топырақты бонитеттеу

      1. Топырақты бонитеттеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын топырақты зерттеп қараудың деректері негізінде жүргізеді.

      2. Топырақты бонитеттеуді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

15-бап. Топырақтың агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкі

      1. Топырақтың агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкі (бұдан әрі – ақпараттық деректер банкі) топырақтың агрохимиялық жай-күйі туралы мәліметтерді жинау, сақтау және жаңартып отыру мақсатында қалыптастырылады және жүргізіледі. Ақпараттық деректер банкі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханалар (орталықтар) ақпараттық деректер банкін жинақтауды жүзеге асырады, оның толық, уақтылы және анық болуына жауапты болады.

      3. Ақпараттық деректер банкінде қамтылған мәліметтер ашық түрде болады, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, оларды алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

16-бап. Топырақты мониторингтеу

      1. Топырақты мониторингтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерлерді мониторингтеу шеңберінде жүзеге асырылады.

      2. Қонысқа ыңғайлы аумақтардағы топырақтың ластануын мониторингтеуді қоспағанда, топырақты мемлекеттік мониторингтеуді ұйымдастыру мен жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Шаруашылық және топыраққа қолайсыз әсер етуі мүмкін өзге де қызметті жүзеге асыратын тұлғалар топырақты өндірістік мониторингтеуді жүргізуге міндетті.

4-тарау. ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТАЛАПТАР

17-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағын қорғау ерекшеліктері

      1. Топырақтың құнарлылығы мен өнімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық және агрохимиялық зерттеп қарау, топырақты бонитеттеу мен мониторингтеу нәтижелері негізінде:

      1) жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарын, өсімдіктердің бөтен текті түрлерін өсіру;

      2) жекелеген өңдеу технологияларын қолдану және агротехникалық (шаруашылық-техникалық) мелиорациялық іс-шараларды жүргізу;

      3) шабындықтарды, жайылымдарды жырту;

      4) тозған, өнімділігі аз, сондай-ақ техногендік ластанған жер учаскелерін пайдалану жөніндегі қызмет шектелуі мүмкін.

18-бап. Топырақты су басудан, батпақтанудан және қайта сортаңданудан қорғау саласындағы талаптар

      1. Топырақты батпақтанудан қорғау жөніндегі іс-шаралар ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, су қоймаларын, тоғандарды, каналдарды салу және аумақтың гидрологиялық және (немесе) гидрогеологиялық режимдерін өзгертуі мүмкін өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде жүргізілуге тиіс.

      2. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін салу кезінде дренаж және жерасты суларын бұру жүргізілуге, нөсерлік (дренаж) кәріз жүйесін немесе кейіннен пайдалану үшін осындай суларды жинау жүйесін құру және топырақтың су басуын, батпақтануын және қайта сортаңдануын болғызбауға бағытталған өзге де іс-шаралар көзделуге тиіс.

      3. Гидромелиорациялық жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың батпақтануы мен қайта сортаңдануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

      4. Топырақты су басудан, батпақтанудан және қайта сортаңданудан қорғау мақсатында жерасты сулары жатқан деңгейге және олардың минералдану сипатына, дренаж жүйелердің жай-күйіне, топырақтың жалпы жай-күйіне жүйелі мониторинг жүргізілуге тиіс, сондай-ақ

      су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды салу мүмкіндігін қоса алғанда, су режимі сақталуға тиіс.

      5. Мелиорациялық жүйелердің жобаларында агротехникалық (шаруашылық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар көзделуге тиіс.

19-бап. Топырақты құнарсызданудан, құрғап кетуден және тығыздалудан қорғау саласындағы талаптар

      1. Топырақты құнарсызданудан, құрғап кетуден және тығыздалудан қорғау жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) топырақтың құрғап кетуін болғызбау және ылғалдылықтың оңтайлы деңгейін сақтап тұру үшін аумақты табиғатына қарай аудандарға бөлу және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері ескеріле отырып, суарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

      2) топырақтағы ылғал қорын толықтыру, топырақтағы ылғалдың булануын азайту, топырақ эрозиясын болғызбау, топырақтың саулығы мен құнарлы қабатын сақтау үшін қарды ұстап қалу әдістерін, топырақты өңдеу, жабындау тәсілдерін пайдалану;

      3) топырақтың ерекшеліктері мен ылғалдылық деңгейі ескеріліп, оған барынша аз қолайсыз әсер ететін ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану;

      4) тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесін сақтау;

      5) қуаңшылық болған кезеңдерде пайдалану мақсатында тасқын және еріген суды жинау мен сақтау шараларын әзірлеп, енгізу;

      6) егісті қорғайтын ағаш өсіруді жүзеге асыру.

      2. Топырақтың бүлінуіне және тығыздалуына алып келетін химиялық заттарды оларды енгізудің жол берілетін нормативтерінен асатын мөлшерде қолдануға тыйым салынады.

20-бап. Тозған топырақты қалпына келтіру жөніндегі талаптар

      1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тозған топырақты қалпына келтіруге жұмсаған шығындары әрекеттері, әрекетсіздігі аталған салдарға алып келген тұлғалардың есебінен өтеледі.

      2. Тозған топырақты қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар топырақтың тозу түрі мен дәрежесі, топырақтың өзін-өзі қалпына келтіруге және өзін-өзі тазартуға табиғи қабілеті, сондай-ақ жер учаскелерінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, оны қалпына келтірудің ғылыми негізделген тәсілдері мен әдістері негізінде әзірленеді.

      3. Тозған топырақты қалпына келтіру кезінде антропогендік жүктемені азайту мен топырақты қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған және жерді пайдаланудың жекелеген түрлеріне шектеу немесе тыйым салу енгізуді көздейтін, осындай топырағы бар жер учаскелерін пайдаланудың арнаулы режимі енгізілуі мүмкін.

      4. Ластанған топырақты қалпына келтіру кезінде топырақтың ластанған қабаттарын сыдырып алу жүргізілуі мүмкін. Топырақтың сыдырып алынған қабаттары қалпына келтірілгеннен кейін экологиялық нормативтерге сай келген жағдайда, олар сыдырып алынған жер учаскелеріне қайтарылуға тиіс немесе өзге де жер учаскелерінің топырағын қалпына келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін.

      5. Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, оның одан әрі тозуын болғызбау мақсатында мұндай жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен консервациялау жүргізіледі.

21-бап. Топырақтың құнарлы қабатын қорғау жөніндегі талаптар

      1. Топырақтың құнарлы қабатын біржола жоғалтуды болғызбау үшін топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу қажет болған жағдайда ғана осындай сыдырып алуға жол беріледі.

      2. Қызметі топырақтың бүлінуіне алып келетін тұлғалар топырақтың құнарлы қабатын уақтылы сыдырып алуды және оның сапасының нашарлауын болғызбайтын жағдайларда сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Топырақтың сыдырып алынған құнарлы қабаты бүлінген жерлерді рекультивациялау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің және өнімділігі аз алқаптардың сапасын жақсарту, тозған топырақты қалпына келтіру кезінде ғана, сондай-ақ ол гигиеналық нормативтерге сай келген жағдайда елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру үшін қолданылады.

      4. Топырақтың сыдырып алынған құнарлы қабатын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынады.

5-тарау. ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

22-бап. Топырақты қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер

      Топырақты қорғау саласында:

      топырақтың генезисі мен қасиеттерін зерделеу;

      топырақтың жай-күйі мен сапасын, оның ішінде климаттың өзгеруі жағдайында зерделеу;

      топырақты мониторингтеу, топырақ тозуының болжамды модельдерін құру бойынша ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеу;

      топырақты мониторингтеу және топырақтың тозуын картаға түсіру кезінде жерді қашықтан зондтау, цифрлық трансформация деректері мен технологияларын қолданбалы пайдалану;

      тыңайтқыштарды қолдану жүйелерін зерделеу және ғылыми негіздеу бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады.

23-бап. Топырақты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Топырақты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мыналарды қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының топырақты қорғау саласындағы халықаралық шарттары шеңберіндегі міндеттемелерді орындаумен байланысты ғылыми зерттеулерді жүргізу;

      2) топырақты қорғау саласындағы өзара байланысты стандарттарды үйлестіру;

      3) топырақты қорғау саласында ғылыми-техникалық және өзге де ақпарат алмасу.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24-бап. Топырақты қорғау саласындағы дауларды шешу

      Топырақты қорғау саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.

25-бап. Қазақстан Республикасының топырақты қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының топырақты қорғау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

On soil protection

Law of the Republic of Kazakhstan dated July 8, 2026 № 341-VIII

      Unofficial translation

      This Law regulates public relations in the field of soil protection and defines their legal, economic, and organizational foundations.

Chapter 1. GENERAL PROVISIONS

      Article 1. Basic concepts used in this Law

      The following basic concepts are used in this Law:

      1) agrochemical survey – a survey of soils conducted to determine the content of mineral nutrition elements for plants, soil environment reaction, organic substances, microelements, and chemistries of secondary salinisation;

      2) meliorative survey – a survey of soils conducted to identify and refine the boundaries of soil contours with signs of secondary salinisation, alkalinity, waterlogging, and soil erosion;

      3) soil – an independent natural-historical organomineral natural body that has arisen on the surface of the earth as a result of the prolonged impact of biotic, abiotic, and anthropogenic factors, consisting of solid mineral particles and organic substances, water, and air, and possessing specific genetic-morphological features and properties that create appropriate conditions for the growth and development of plants;

      4) soil quality – the totality of soil properties that determine the nature and effectiveness of the soil’s participation in ensuring a favourable environment for the life activity of humans, plants, and animals;

      5) soil health – the ability of soil to support productivity and biodiversity to ensure the life activity of humans, plants, and animals;

      6) soil bonitation – a comparative assessment of the quality of soils and the natural productive capacity of agricultural land;

      7) soil survey – a survey of soils conducted for the purpose of studying and establishing the properties, condition, and spatial distribution of soils in a defined territory;

      8) soil restoration – a measure aimed at restoring the quality, fertility, health, and structure of soil;

      9) soil protection – a complex of legal, organizational, economic, and other measures aimed at the rational use and conservation of soils, the prevention of their degradation, and protection from impacts of a natural, anthropogenic, and technogenic nature;

      10) requirements in the field of soil protection – mandatory conditions and (or) restrictions imposed on economic and other activities, provided for by the laws of the Republic of Kazakhstan;

      11) authorized body in the field of soil protection (hereinafter – the authorized body) – the central state body exercising regulation in the field of land relations;

      12) soil monitoring – systematic observations of the condition of soils;

      13) soil disturbance – a negative change in the structure of the soil and its underlying layers, leading to a decrease in soil fertility and degradation;

      14) soil condition – the totality of indicators characterising the composition, structure, and properties of soil;

      15) fertile soil layer – the upper humified part of the soil profile, possessing chemical, physical, and biological properties favourable for the growth and development of plants;

      16) soil fertility – the ability of soil to provide plants with the necessary nutritional elements and favourable conditions for their growth and development;

      17) soil depletion – the process of decreasing soil fertility, reducing biodiversity, and decreasing the content of organic and nutrient substances;

      18) soil pollution – the presence in soil of polluting substances in concentrations exceeding those established by environmental quality standards for soil;

      19) soil degradation – a process characterised by the deterioration of quality, decrease in fertility, biodiversity, and destruction of soil structure from impacts of a natural, anthropogenic, and technogenic nature;

      20) rational use of soil – the optimal use of soil taking into account its potential capabilities and limitations, which includes measures for the prevention of soil degradation, conservation, and improvement of its fertility;

      21) soil erosion – the process of destruction of the upper layer of soil as a result of washout and blowing away from impacts of a natural and anthropogenic nature, leading to a decrease in soil fertility;

      22) scientifically grounded fertiliser application system – a complex of agrochemical and agrotechnical measures aimed at the rational use of organic and mineral fertilisers.

      Article 2. Legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of soil protection

      1. The legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of soil protection is based on the Constitution of the Republic of Kazakhstan, consists of this Law, other regulatory legal acts, and international treaty obligations of the Republic of Kazakhstan.

      2. The procedure for the operation of international treaties on the territory of the Republic of Kazakhstan shall be determined by the laws of the Republic of Kazakhstan.

      Article 3. Purpose, objectives, and principles of this Law

      1. The purpose of this Law is to establish legal foundations for the rational use of soils, sustainable soil management, and soil protection, and their protection from degradation and other negative impacts.

      2. The objectives of this Law are:

      1) ensuring state regulation in the field of soil protection;

      2) ensuring the rational use and protection of soils, and the restoration of degraded soils;

      3) scientific support for activities in the field of soil protection;

      4) development of international cooperation.

      3. The principles of this Law are:

      1) the priority of preserving soil as the most important natural component;

      2) transparency, completeness, and reliability of information on the condition of soils.

Chapter 2. OBJECT AND SUBJECTS IN THE FIELD OF SOIL PROTECTION

      Article 4. Object in the field of soil protection

      The object in the field of soil protection is soil as the upper part of the earth's surface.

      Article 5. Subjects in the field of soil protection

      Subjects in the field of soil protection are individuals and legal entities, state bodies, and their officials.

Chapter 3. STATE REGULATION AND STATE CONTROL IN THE FIELD OF SOIL PROTECTION

      Статья 6. Competence of the Government of the Republic of Kazakhstan

      The Government of the Republic of Kazakhstan shall:

      1) develop the main directions of state policy in the field of soil protection and organize their implementation;

      2) perform other functions entrusted to it by the Constitution of the Republic of Kazakhstan, laws of the Republic of Kazakhstan, and acts of the President of the Republic of Kazakhstan.

      Article 7. Competence of the authorized body

      The authorized body shall:

      1) on the basis of and in execution of the main directions of the domestic and foreign policy of the state, determined by the President of the Republic of Kazakhstan, and the main directions of the socio-economic policy of the state, security, and ensuring public order, developed by the Government of the Republic of Kazakhstan, formulate state policy in the field of soil protection in accordance with the current legislation of the Republic of Kazakhstan;

      2) carry out inter-sectoral coordination of the activities of central and local executive bodies in the field of soil protection;

      3) exercise strategic, regulatory, and implementation functions within its competence;

      4) develop and approve regulatory legal acts in the field of soil protection in accordance with the purpose and objectives of this Law and the legislation of the Republic of Kazakhstan;

      5) organize and carry out state control in the field of soil protection;

      6) organize the conduct of soil, meliorative, and agrochemical surveys, bonitation, and soil monitoring in the field of soil protection;

      7) carry out international cooperation in the field of soil protection;

      8) exercise other powers provided for by this Law, other laws of the Republic of Kazakhstan, acts of the President of the Republic of Kazakhstan, and the Government of the Republic of Kazakhstan.

      Article 8. Competence of local representative bodies of the capital, regions, and cities of republican significance

      Local representative bodies of the capital, regions, and cities of republican significance shall:

      1) approve action plans in the field of soil protection;

      2) hear reports of local executive bodies of the capital, regions, and cities of republican significance on the progress of implementing action plans in the field of soil protection;

      3) exercise other powers in accordance with the laws of the Republic of Kazakhstan to ensure the rights and legal interests of citizens of the Republic of Kazakhstan.

      Article 9. Competence of local executive bodies

      1. Local executive bodies of regions shall:

      1) participate in the formulation and implementation of state policy in the field of soil protection;

      2) develop action plans in the field of soil protection and submit a report on the progress of their implementation to the local representative bodies of the regions and the authorized body;

      3) organize and coordinate the implementation by local executive bodies of districts and cities of regional significance of action plans in the field of soil protection;

      4) exercise other powers in the interests of local state government, entrusted to local executive bodies by the laws of the Republic of Kazakhstan.

      2. Local executive bodies of the capital and cities of republican significance shall:

      1) participate in the formulation and implementation of state policy in the field of soil protection;

      2) develop and implement action plans in the field of soil protection and submit a report on the progress of their implementation to the local representative bodies of the capital and cities of republican significance and the authorized body;

      3) organize activities in the field of soil protection;

      4) provide incentives for the rational use and protection of soils;

      5) exercise other powers in the interests of local state government, entrusted to local executive bodies by the laws of the Republic of Kazakhstan.

      3. Local executive bodies of districts and cities of regional significance shall:

      1) implement action plans in the field of soil protection and submit a report on the progress of their implementation to the local executive bodies of regions;

      2) organize activities in the field of soil protection;

      3) provide incentives for the rational use and protection of soils;

      4) exercise other powers in the interests of local state government, entrusted to local executive bodies by the laws of the Republic of Kazakhstan.

      Article 10. State control in the field of soil protection

      State control in the field of soil protection shall be conducted within the framework of state control over the use and protection of lands.

      Article 11. Rights and obligations of owners of land plots and land users in the field of soil protection

      1. Owners of land plots and land users shall have the right to:

      1) apply to state bodies and authorized state and other organizations to obtain reliable information on the condition of soil and measures for soil protection;

      2) demand compensation for harm and losses caused to soil by individuals and (or) legal entities.

      2. Owners of land plots and land users shall be obliged to:

      1) carry out measures for soil protection;

      2) comply with requirements in the field of soil protection;

      3) carry out reclamation of disturbed lands;

      4) provide access to land plots for conducting soil, meliorative, and agrochemical surveys, bonitation, and soil monitoring.

      3. Owners of land plots and land users shall have other rights and bear other obligations provided for by the laws of the Republic of Kazakhstan.

      Article 12. Measures for soil protection

      Measures for soil protection shall include:

      1) conducting scientific research aimed at the rational use and conservation of soils;

      2) conducting soil, meliorative, and agrochemical surveys, bonitation, and soil monitoring;

      3) introduction of soil-protective tillage technologies;

      4) carrying out agrotechnical (cultural-technical) meliorative measures;

      5) ensuring scientific-technical and innovative support for soil protection, including the introduction of modern technologies for soil monitoring, modelling of soil degradation processes, risk assessment, and the application of effective solutions for soil protection and soil restoration;

      6) adherence to a scientifically grounded fertiliser application system, introduction of crop rotations, and other agrotechnical measures aimed at maintaining and increasing soil fertility;

      7) prevention of soil pollution by waste, wastewater, chemical substances, including pesticides and heavy metals;

      8) carrying out reclamation of disturbed lands;

      9) other measures for soil protection provided for by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      Article 13. Surveys in the field of soil protection

      1. Surveys in the field of soil protection shall include:

      1) soil survey;

      2) meliorative survey;

      3) agrochemical survey.

      2. Surveys in the field of soil protection, with the exception of the assessment of the meliorative condition of irrigated lands, shall be conducted by a republican state enterprise on the right of economic management, established by a decision of the Government of the Republic of Kazakhstan.

      Agrochemical surveys may also be conducted by laboratories (centres) accredited in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of technical regulation.

      3. The results of surveys in the field of soil protection shall be used for the development of measures for soil protection and monitoring. The results of an agrochemical survey shall be entered into the information data bank on the agrochemical condition of soils.

      4. The procedure for conducting surveys in the field of soil protection shall be determined by the authorized body.

      Article 14. Soil bonitation

      1. Soil bonitation shall be conducted based on soil survey data by a republican state enterprise on the right of economic management, established by a decision of the Government of the Republic of Kazakhstan.

      2. The procedure for conducting soil bonitation shall be determined by the authorized body.

      Article 15. Information of databank on the agrochemical condition of soil

      1. The information data bank on the agrochemical condition of soil (hereinafter – the information data bank) shall be formed and maintained for the purpose of collecting, storing, and updating information on the agrochemical condition of soil. The information data bank shall be maintained in accordance with the procedure determined by the authorized body.

      2. The accumulation of the information data bank shall be carried out by a republican state enterprise on the right of economic management, established by a decision of the Government of the Republic of Kazakhstan, and by laboratories (centres) accredited in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of technical regulation, which shall bear responsibility for its completeness, timeliness, and reliability.

      3. The information contained in the information data bank shall be open, and the procedure for obtaining it shall be determined by the authorized body, except for information constituting state secrets or other secrets protected by law.

      Article 16. Soil monitoring

      1. Soil monitoring shall be carried out within the framework of land monitoring in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      2. The organization and conduct of state soil monitoring, with the exception of monitoring soil pollution in residential territories, shall be carried out by the authorized body.

      3. Persons engaged in economic and other activities that may have a negative impact on soil shall be obliged to carry out industrial soil monitoring.

Chapter 4. REQUIREMENTS IN THE FIELD OF SOIL PROTECTION

      Article 17. Specifics of soil protection on agricultural land

      1. The application of organic and mineral fertilisers on agricultural land for the purpose of increasing soil fertility and its productivity shall be carried out in accordance with a scientifically grounded fertiliser application system.

      2. Based on the results of soil, meliorative, and agrochemical surveys, bonitation, and soil monitoring, activities may be restricted for:

      1) cultivation of individual agricultural crops, alien plant species;

      2) application of individual cultivation technologies and carrying out agrotechnical (cultural-technical) meliorative measures;

      3) ploughing of hayfields and pastures;

      4) use of degraded, low-productivity, as well as technogenically polluted land plots.

      Article 18. Requirements in the field of soil protection from flooding, waterlogging, and secondary salinisation

      1. Measures for soil protection from waterlogging shall be carried out during the construction of buildings, structures, and their complexes, reservoirs, ponds, canals, and the conduct of other activities where changes in the hydrological and (or) hydrogeological regimes of the territory are possible.

      2. During the construction of buildings, structures, and their complexes, the drainage of drainage and groundwater shall be conducted, the creation of a stormwater (drainage) sewerage system or the accumulation of such waters for subsequent use, and other measures aimed at preventing flooding, waterlogging, and secondary soil salinisation shall be provided for.

      3. When carrying out hydro-meliorative works, measures for the prevention of waterlogging and secondary soil salinisation shall be provided for.

      4. For the purpose of soil protection from flooding, waterlogging, and secondary salinisation, systematic monitoring of the groundwater table depth and the nature of groundwater mineralisation, the condition of drainage systems, and the general condition of soil shall be conducted, and the water regime shall be complied with, including the possibility of constructing water-management and hydrotechnical structures.

      5. Agrotechnical (cultural-technical) meliorative measures shall be provided for in the designs of meliorative systems.

      Article 19. Requirements in the field of soil protection from depletion, desiccation and compaction

      1. Measures for soil protection from depletion, desiccation, and compaction shall include:

      1) ensuring an effective irrigation system, taking into account the natural zoning of the territory and types of agricultural crops, to prevent desiccation and maintain an optimal level of soil moisture;

      2) using methods of snow retention, soil tillage techniques, and mulching to replenish moisture reserves in the soil, reduce moisture evaporation from the soil, prevent soil erosion, and preserve the health and fertile layer of soil;

      3) using agricultural machinery that has a minimally negative impact on soil, taking into account its characteristics and moisture level;

      4) adherence to a scientifically grounded fertiliser application system;

      5) development and introduction of measures for the collection and conservation of flood and melt waters for the purpose of their use during dry periods;

      6) implementation of field-protective afforestation.

      2. The application of chemical substances that lead to soil disturbance and compaction in quantities exceeding the permissible norms for their application shall be prohibited.

      Article 20. Requirements for restoration of degraded soil

      1. Compensation for the costs of owners of land plots and land users for the restoration of degraded soil shall be carried out at the expense of the persons whose actions or inaction led to the specified consequences.

      2. Measures for the restoration of degraded soil shall be developed based on scientifically grounded methods and techniques for soil restoration, taking into account the type and degree of its degradation, the natural capacity of the soil for self-restoration and self-purification, as well as the designated purpose of the land plots.

      3. When restoring degraded soil, a special regime for the use of land plots with such soils may be introduced, aimed at reducing anthropogenic pressure and ensuring soil restoration, and providing for the introduction of restrictions or a prohibition on individual types of land use.

      4. When restoring polluted soil, the removal of polluted soil layers may be carried out. The removed soil layers, after restoration, shall be returned to the land plots from which they were removed, provided they comply with environmental standards, or may be used for the restoration of soil on other land plots.

      5. For the purpose of preventing further soil degradation, in the event that the restoration of its fertility is impossible, the conservation of such land plots shall be carried out in accordance with the procedure established by the land legislation of the Republic of Kazakhstan.

      Article 21. Requirements for the protection of the fertile soil layer

      1. The removal of the fertile soil layer shall be permitted exclusively in cases where such removal is necessary to prevent the irretrievable loss of the fertile soil layer.

      2. Persons whose activities lead to soil disturbance shall be obliged to ensure the timely removal of the fertile soil layer and its storage in conditions that exclude the deterioration of its quality.

      3. The removed fertile soil layer shall be used only for the reclamation of disturbed lands, improvement of the quality of agricultural land and low-productivity lands, restoration of degraded soil, as well as for landscaping and improvement of populated areas, provided it complies with hygienic standards.

      4. The export of the removed fertile soil layer outside the Republic of Kazakhstan shall be prohibited.

Chapter 5. SCIENTIFIC RESEARCH AND INTERNATIONAL COOPERATION IN THE FIELD OF SOIL PROTECTION

      Article 22. Scientific research in the field of soil protection

      Fundamental and applied scientific research shall be carried out in the field of soil protection on:

      the study of the genesis and properties of soils;

      the study of the condition and quality of soil, including under conditions of climate change;

      the development of scientifically grounded approaches to soil monitoring, and the creation of predictive models of soil degradation;

      the applied use of data and technologies for remote sensing of lands, and digital transformation in soil monitoring and mapping of soil degradation;

      the study and scientific substantiation of fertiliser application systems.

      Article 23. International cooperation in the field of soil protection

      International cooperation in the field of soil protection includes:

      1) conducting scientific research related to the fulfilment of obligations under international treaties of the Republic of Kazakhstan in the field of soil protection;

      2) harmonisation of interrelated standards in the field of soil protection;

      3) exchange of scientific-technical and other information in the field of soil protection.

Chapter 6. FINAL PROVISIONS

      Article 24. Resolution of disputes in the field of soil protection

      Disputes in the field of soil protection shall be regulated in accordance with the procedure established by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      Article 25. Responsibility for violation of the Legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of soil protection

      Violation of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of soil protection shall entail liability established by the laws of the Republic of Kazakhstan.

      Article 26. Procedure for the enactment of this Law

      This Law shall enter into force upon the expiry of sixty calendar days after the day of its first official publication.

      President
of the Republic of Kazakhstan
K. TOKAYEV