Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2024 жылғы 8 тамызда Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасынын Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық (көп жақты) өткізу пункттерін келісу мақсатында,
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 1-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2006 жылғы 4 қыркүйекте қол қойылған, Келісімге Хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің Тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
"Темір жол өткізу пункттері" деген бөлімдегі 2 және 2.1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Сарыағаш | Түркістан облысы | Келес | Ташкент облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
2.1 | Мақтаарал | Түркістан облысы | Сырдария | Сырдария облысы | халық- аралық (көпжақты) | тәулік бойы |
| "; |
"Автомобильдік өткізу пункттері" деген бөлімдегі 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Жібек Жолы | Түркістан облысы | Гишт- Көпрік | Ташкент облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
5 | Б.Қонысбаев | Түркістан облысы | Яллама | Ташкент облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
6. | Қапланбек | Түркістан облысы | Зангиота | Ташкент облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
7. | Қазығұрт | Түркістан облысы | Ташкент | Ташкент облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
9. | Атамекен | Түркістан облысы | Гулистан | Сырдария облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
13. | Целинный* | Түркістан облысы | Ок олтин* | Сырдария облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
14. | Сырдария** | Түркістан облысы | Малик** | Сырдария облысы | халықаралық (көпжақты) | тәулік бойы |
| "; |
"Автомобильдік өткізу пункттері" деген бөлімнің 13-тармағының ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"*Өткізу пункті тек жеңіл автокөліктің және бос жүк автокөлігінің, сондай-ақ ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктер мен тауарлардың өтуі үшін пайдаланылады. Коммерциялық мақсаттарда жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыруға не тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктер мен тауарларға қатысты ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";
14-тармақ мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"** Өткізу пункті тек жеңіл автокөліктің және бос жүк автокөлігінің өтуі үшін пайдаланылады. Коммерциялық мақсатта жүктер мен тауарларды өткізу жүргізілмейді. Тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыруға не тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау жүзеге асырылмайды.".
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі төлнүсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |