2026 жылғы 15 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
| Бейресми аударма | |
| ҚАРЫЗ НӨМІРІ L0999A |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАНКІ
арасындағы қарыз туралы келісім
(Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы)
20__ жылғы___________
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
20___жылғы_______________ Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Қарыз алушы) мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (бұдан әрі - Банк) арасындағы келісім (бұдан әрі - Қарыз туралы келісім).
Мыналарды:
A. Банк Қарыз алушыдан 2026 жылғы 11 наурыздағы даму саясаты туралы хатты (бұдан әрі - Саясат туралы хат) алғанын, онда осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада (бұдан әрі - Климаттық саясатқа негізделген Бағдарлама немесе Бағдарлама) сипатталғандай белгілі бір міндеттер, саясаттар және іс-қимылдар жазылғанын;
B. Қарыз алушы Банкке Бағдарламаның мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы өтінішпен жүгінгенін;
C. климаттық саясатқа негізделген қаржыландыру осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада сипатталған климаттық байланысты алдын ала іс-қимылдар бойынша оның міндеттемесін негізге ала отырып, Қарыз алушыны бюджеттік қолдауды қамтамасыз ететінін; және
D. Банк осы қаржыландыруды беру, атап айтқанда (і) Қарыз алушы Бағдарлама шеңберінде қолданып қойған іс-қимылдар; және (іі) Қарыз алушының барабар макроэкономикалық саяси негізді ұстап тұруы негізінде беру туралы шешім қабылдағанын назарға ала отырып.
Қарыз алушы мен Банк осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:
І БАП
Жалпы шарттар. Анықтамалар
1.01. Жалпы шарттар (осы Қарыз туралы келісімге қосымшада айқындалғандай) - осы Қарыз туралы келісімнің ажырамас бөлігі.
1.02. Егер мәнмәтіннен өзгеше туындамаса, онда осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын, бас әріппен басталып жазылған терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Қарыз туралы келісімге толықтыруда оларға бекітіліп берілген мағынаға ие болады.
II БАП
Қарыз
2.01. Банк Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде жазылған немесе айтылған шарттармен Бағдарламаны қаржыландыруға жәрдемдесу үшін JPY 62 364 000 000 (алпыс екі миллиард үш жүз алпыс төрт миллион) жапон йені сомасында қарыз (бұдан әрі - Қарыз) беруге келіседі.
2.02. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның III бөліміне сәйкес Қарыз қаражатын алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды.
2.04. Қарыз алушы төлеуге тиіс резервке қою үшін комиссия Қарыздың пайдаланылмаған қалдығының жылдық бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды.
2.05. Ауыспалы спредті қосқандағы базалық мөлшерлеме немесе пайыздық мөлшерлеме конвертацияланғаннан кейін қолданылуы мүмкін осындай мөлшерлеме Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең үшін төлейтін пайыздар болып саналады.
2.06. Төлем күндері - әр жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасы.
2.07. Қарыздың негізгі сомасы осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшада белгіленген амортизация графигіне сәйкес өтелуге тиіс.
III БАП
Бағдарлама
3.01. Қарыз алушы өзінің Бағдарламаға және оның іске асырылуына бейілді екенін мәлімдейді. Осы мақсатта, сондай-ақ Жалпы шарттардың 5.04-бөліміне қосымша:
a) Қарыз алушы мен Банк кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша Қарыз алушының макроэкономикалық саяси негізіне және Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қол жеткізілген прогреске қатысты кейде пікір алмасатын болады;
b) әрбір осындай пікір алмасуға дейін Қарыз алушы Банкке оны қарау және түсндірмелер беру үшін Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қол жеткізілген прогресс туралы есепті Банк негізді түрде сұратқан егжей-тегжей нақтыланған дәрежеде ұсынуға тиіс; және
c) осы Баптың (а) және (b) тармақтарының ережелерін шектемей, Қарыз алушы Банкке Бағдарлама мақсаттарының елеулі түрде кері кету әсері болатын кез келген жағдай немесе осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көрсетілген кез келген іс-қимылды қоса алғанда, Бағдарлама шеңберінде қабылданған кез келген іс-қимыл туралы дереу хабар беруге тиіс.
3.02. Осы Қарыз туралы келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерін шектемей және егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
IV БАП
Банкті құқықтық қорғау шаралары
4.01. Тоқтата тұрудың қосымша оқиғасы мынадан тұрады: Бағдарламаның немесе оның елеулі бөлігінің жүзеге асырылуы екіталай болатын жағдайдың туындауы.
4.02. Жеделдетудің қосымша оқиғасы мынадан тұрады: осы Қарыз туралы келісімнің 4.01-бабында көрсетілген оқиғаның Банк мұндай оқиға туралы хабарламаны Қарыз алушыға жібергеннен кейін орын алуынан және 30 (отыз) күн бойы жалғасуы.
V БАП
Күшіне енуі
5.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мынадан тұрады:
a) Банк Қарыз алушының Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қол жеткізген прогреске және Қарыз алушының макроэкономикалық саяси негізінің барабарлығына қанағаттанады; және
b) Дүниежүзілік банкпен жасалған Қарыз туралы келісімге қол қойылды және берілді, және оның күшіне енуіне арналған немесе Қарыз алушының ол бойынша қаражатты алуды жүзеге асыру құқығына арналған алдын ала шарттардың барлығы орындалды (осы Қарыз туралы келісімнің күшіне енуін қоспағанда).
5.02. Осы қарыз туралы келісім күшіне енетін соңғы мерзім - осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін 90 (тоқсан) күн өткен соң басталатын күн.
VI БАП
Өкіл. Мекенжайлар
6.01. Жалпы шарттардың 10.02-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының уәкілеттік берілген өкілі - Қаржы министрі немесе Қаржы вице-министрі.
6.02. Жалпы шарттардың 10.01-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының мекенжайы:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Астана, 010000
Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Факс: +7-7172-75-02-01
6.03. Банктің мекенжайы:
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі
АИИБ штаб-пәтері, А мұнарасы, Азия қаржы орталығы
№ 1 Тяньчэнь Шығыс жолы, Чаоян ауданы, Бейжің, 100101
Қытай Халық Республикасы
Факс: +86-10-8358-0002
E-mail: kaz_iseg_p999@aiib.org
Жоғарыда көрсетілген күнгі және жылғы жағдай бойынша КЕЛІСІЛДІ.
1-ҚОСЫМША
Бағдарламаның мақсаты мен Бағдарлама іс-шаралары
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаны дамытудың мақсаты энергетиканы және су ресурстарын басқару саласындағы климаттық саясат пен институционалдық реформалар арқылы Қазақстанның неғұрлым экологиялық және орнықты экономикаға көшуін қолдаудан тұрады.
Бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар
Бағдарлама шеңберінде Қарыз алушы іске асыратын іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1. Елде жаңартылатын энергетиканы одан әрі дамыту үшін Қарыз алушы үшінші тараптарға жаңартылатын көздерден энергияны жеке, үлестірілген өндіріске ашық және бәсекеге қабілетті қолжетімділік ұсынды, бұл туралы № 96-VIII Заңда және № 328, 349 және 350 бұйрықтарда көрсетілген.
2. Энергетикалық субсидияларды алып тастау және тарифтік базаны нығайту үшін Қарыз алушы шығындарды толық өтеу деңгейіне жетудің жаңа әдіснамасына сәйкес электр энергиясының тарифтеріне жүйелі түрде түзету енгізді, бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хатында көрсетілген.
3. Энергетикалық субсидияларды алып тастау және тарифтік базаны нығайту үшін Қарыз алушы шығындарды толық өтеу деңгейіне жетудің жаңа әдіснамасына сәйкес жылыту тарифтеріне жүйелі түзету енгізді, бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хатында көрсетілген.
4. Энергия тиімділігін арттыру үшін Қарыз алушы энергия сыйымдылығы ең жоғары бірінші деңгейдегі тұтынушылар үшін энергия тиімділігінің нысаналы көрсеткіштерін қатаңдата отырып, энергияны үнемдеудің қатаң стандарттары мен оған қойылатын талаптарды қабылдады, бұл туралы № 322 бұйрықта көрсетілген.
5. Шығарындыларға арналған квоталармен сауда жүйесі ұлттық деңгейде айқындалатын үлестің (ҰДАҮ) орындалуына ықпал етуі үшін Қарыз алушы: (а) ҰДАҮ нысаналы көрсеткішіне сәйкес келетін 2026-2030 жылдарға арналған шығарындылардың шекті мәндерінің жиынтығын жариялады, бұл туралы Үкіметтің № 1209 қаулысында көрсетілген; және (б) шығарындылардың өлшенуін және есептілікті тексеру процесін күшейту үшін нормативтік актілерді жаңартты, бұл туралы № 49 бұйрықта көрсетілген.
6. Су үнемдеуді жақсарту және климаттың өзгеруіне бейімделуді қолдау үшін Қарыз алушы нормативтік рұқсаттар негізінде су ресурстарын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Су кодексы қолданысқа енгізді, бұл туралы Су кодексінде көрсетілген.
2-ҚОСЫМША
Бағдарламаны атқару
I бөлім. Іске асыру тетіктері
A. Институционалдық тетіктер
1. Қарыз алушы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі агенттік арқылы мониторинг пен есептілікті қоса алғанда, Бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты болады және Бағдарламаны іске асыру жөніндегі агенттіктердің Бағдарламаны тиісінше және уақтылы орындауын қамтамасыз етеді.
B. Саяси диалог
1. Қарыз алушы Бағдарламаны атқару жөніндегі агенттік және Бағдарламаны іске асыру жөніндегі агенттіктер арқылы осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көрсетілгендей, Бағдарлама шеңберінде қабылданған барлық саяси іс-қимылдың қолданылуы жалғасуын қамтамасыз етуге тиіс.
2. Қарыз алушы Бағдарлама атқару жөніндегі агенттік және Бағдарламаны іске асыру жөніндегі агенттіктер арқылы Банкке Бағдарламаны іске асыруға әсер етуі мүмкін басқа да көпжақты және екіжақты агенттіктермен саяси талқылаулар туралы хабар беруге және Банкке олардан туындайтын іс-қимылдар саясаты жөніндегі барлық ұсынысқа түсіндірме беру мүмкіндігін ұсынуға тиіс. Қарыз алушы Бағдарламаны атқару жөніндегі агенттік және Бағдарлама іске асыру жөніндегі агенттіктер арқылы кез келген осындай ұсынысты әзірлеу және іске асыру аяқталғанға дейін Банктің көзқарасын назарға алады.
C. Тыйым салынған практикалар
Қарыз алушы, Бағдарламаны атқару жөніндегі агенттік және Бағдарламаны іске асыру жөніндегі агенттіктердің әрқайсысы: (а) тыйым салынған практикаларға қатысты АИИБ саясатын сақтауға тиіс және АИИБ тікелей немесе өз агенттері арқылы Бағдарламамен байланысты кез келген болжамды тыйым салынған әрекеттерді тергеп-тексеру құқығын өзіне қалдырады; және (б) кез келген осындай тергеп-тексеруге жәрдемдесетін және осындай тергеп-тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін барлық қажетті көмекті көрсететін болады.
II бөлім. Мониторингтеу бойынша есептілік және Бағдарламаны бағалау
А. Бағдарлама бойынша есептер
1. Қарыз алушы Бағдарламаның іске асырылу барысын мониторингтеуді және бағалауды жүзеге асырады және Бағдарлама бойынша есептерді Жалпы шарттардың 5.03(a) бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банк үшін қолайлы нәтижелер көрсеткіштері негізінде дайындайды.
2. Жалпы шарттардың 5.03(b) бөліміне сәйкес аяқталғаны туралы есеп Банкке жабылған күннен кейін он екі айдан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. Аяқталғаны туралы есепте Бағдарламаның іске асырылу мәртебесі және оның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу Банк негізді түрде сұрата алатын көлемде және егжей-тегжеймен бағалануға тиіс.
III бөлім. Қарыз қаражатын алу
A. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы осы бөлімнің және Банк Қарыз алушыға хабарламада көрсететін қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
2. Қарыз сомаларын бөлу. Қарыз Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражат ала алатын біржолғы транш түрінде бөлінеді.
Осы мақсатқа Қарыз сомаларының бөлінуі төменде келтірілген кестеде ұсынылды:
Бөлу | Бөлінген Қарыздың сомасы (йенмен көрсетілген) |
Біржолғы транш | 62 364 000 000 |
ЖАЛПЫ СОМА | 62 364 000 000 |
B. Алуға траншты беру шарттары; Алу кезеңі
1. Бір траншпен қаражатты алу:
a) Банк біржолғы комиссияның толық төлемін алғанға дейін;
b) Толықтырудың III 2(b) бөлімінде көрсетілген шарт орындалғанға дейін кез келген сомаға;
c) егер Қарыз алушы Банкті қанағаттандыруға орай қарыз қаражатын босату бойынша Алдын ала шараларды орындамаса және осы Алдын ала шаралардың қолданылуы жалғаса берсе және
d) егер Банк Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының барабарлығына қанағаттанбаса, жүргізілмейді.
2. Банкпен өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда:
(a) Қарыз шотынан алынған барлық қаражатты Банк Қарыз алушы белгілеген және Банк үшін қолайлы депозиттік шотқа аударуға тиіс;
(b) Қарыз алушы Қарыз сомасы депозиттік шотқа әрбір енгізілген кезде балама сома Қарыз алушының бюджеттік басқару жүйесінде Банк үшін қолайлы тәсілмен есепке алынуын қамтамасыз етуге тиіс.
(c) Қарыз алушы Қарыз қаражаты Қарыз шотынан алынғаннан кейін 45 (қырық бес) күн ішінде Банкке мыналар туралы есепті ұсынуға міндетті: (а) депозиттік шотқа есепке жазылған нақты сома; (b) Қарыз алушының валютасындағы Қарыз қаражатының баламасы есепке жазылатын шоттың деректемелері; (с) Қарыз алушының бюджетін басқару жүйелерінде баламалы соманың есепке алынғанын растау; және (d) депозиттік шот бойынша түсімдер мен шығыстар туралы есеп.
3. Кез келген Алып тасталған шығыстарды қаржыландыру үшін Қарыздың ешқандай қаражатын алуға болмайды.
4. Жабылу күні - 2027 жылғы 31 тамыз.
C. Қаржылық есептілік. Аудиттер
1. Қарыз алушы Банк үшін қолайлы дәйектілікпен қолданылатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес және Депозиттік шот бойынша есептілік пен құжаттаманы көрсету үшін тиісті тәртіппен депозиттік шот бойынша жекелеген есептілік пен құжаттаманы жүргізуге немесе олардың жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қарыз алушы Банктің сүрау салуы бойынша Банк үшін қолайлы дәйектілікпен қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес біліктілігі, тәжірибесі және жүргізу ортасы Банк үшін қолайлы тәуелсіз аудиторлармен қаржылық есептілік аудитін жүргізуге тиіс. Қарыз алушы қаржылық есептілік және аудиторлардың қорытындысы дайындалғаннан кейін дереу, бірақ кез келген жағдайда Банк сұрау салған кезден бастап алты (6) айдан кешіктірмей, оларды Банкке ағылшын тілінде ұсынуға тиіс.
| 2-қосымшаға 1-толықтыру |
Ерекшеліктер тізімі
Қарыз қаражатын алу:
(i) Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауданың стандартты сыныптамасының мынадай топтарына немесе кіші топтарына, 3-басылым (ХССС, 3-басылым), Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық құжаттарында жарияланған, М сериясы, № 34/3 басылым (1986) (ХССС) немесе АИИБ-ның Қарыз алушыға хабарламасында көрсетілетіндей ХССС-қа одан әрі енгізілетін өзгерістерінде көзделген қандай да бір топқа немесе кіші топқа енгізілген тауарлармен байланысты кез келген шығыстарға қатысты жүргізілмейді:
Кесте. Құқыққа сыйымсыз баптар
Тарау | Тақырыбы | Баптар сипаттамасы |
112 | Алкогольдік ішімдіктер | |
121 | Өңделмеген темекі; темекі өндірісінің қалдықтары | |
122 | Өңделген темекі (темекі алмастырғыштарды қамтитын немесе қамтымайтын) | |
525 | Радиоактивті және онымен байланысты материалдар | |
667 | Інжу, өңделмеген және өңделген асыл және жартылай асыл тастар | |
718 | 718.7 | Ядролық реакторлар және олардың жинақтауыштары; ядролық реакторлар үшін радиация шығармайтын отын элементтері (картридждер) |
728 | 728.43 | Темекі дайындауға немесе өңдеуге арналған жабдық |
897 | 897.3 | Алтын, күміс немесе платина тобының металдарынан жасалған зергерлік бұйымдар (қолсағаттар мен қолсағаттарға арналған корпустарды қоспағанда) және алтын немесе күміс бұйымдар (асыл тастарды қоса алғанда) |
971 | Монетарлық емес алтын (алтын кендері мен концентраттарды қоспағанда) |
Дереккөз: Біріккен Ұлттар Ұйымы
(ii) Банктің қарызы немесе гранттары шеңберінде қаржыландырылатын кез келген келісімшарттарды қоса алғанда, қаржыландыруға келіскен кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы Ұйымы немесе агенттік қаржыландыратын келісімшарт бойынша жеткізілетін тауарлармен байланысты;
(iii) әскери немесе жартылай әскери мақсаттарға арналған тауарлармен немесе сән-салтанат заттарын сатып алумен байланысты;
(iv) есірткімен байланысты;
(v) өндіру, пайдалану немесе импорты Қарыз алушының заңнамасында немесе Қарыз алушы тарапы болып табылатын халықаралық келісімдерде тыйым салынған экологиялық қауіпті тауарлармен байланысты;
(vi) Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Қарыз алушы тыйым салған төлемдермен байланысты; және
(vii) оған қатысты Банк Тыйым салынған практикалардың Қарыз алушының немесе Қарыз қаражатын өзге де алушының өкілдері тарапынан орын алды, бұл ретте Қарыз алушы (немесе өзге де осындай алушы) мұндай практикалар туындаған кезде оларды жою үшін Банкті қанағаттандыратын уақтылы және тиісті шаралар қолданбады деп айқындайтын кез келген шығыстарға қатысты жүргізілмейді.
3-ҚОСЫМША
Өтеу графигі
1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі борышын өтеу күндері және негізгі борышты өтеудің әрбір күні төленуге тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы (бұдан әрі - Өтеу үлесі) көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күні толық көлемде игерілетін болса, негізгі борышты өтеудің әрбір күні Қарыз алушы төлеуге тиіс Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыз сомасын; (b) негізгі борышты өтеудің әрбір күні Өтеу үлесіне көбейту арқылы айқындайтын болады.
Негізгі борышты өтеу күні | Өтеу үлесі (пайызбен көрсетілген) |
2031 жылғы 15 мамырдан бастап 2036 жылғы 15 мамыр аралығында әрбір | 8.33% |
2036 жылғы 15 қараша | 8.37% |
2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күніндегі жағдай бойынша толығымен алынбаған болса, онда негізгі борышты өтеудің әрбір күні Қарыз алушы өтеуге тиіс Қарыздың негізгі сомасы былайша айқындалады:
(a) негізгі борышты өтеудің бірінші күні Қарыздың кез келген қаражаты алынған шамада Қарыз алушы осы қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күні алынған Қарыз сомасын өтеуге тиіс;
(b) негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сома алымы негізгі борышты өтеудің осы күні үшін осы қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы болып табылатын, ал бөлімі осындай күнге немесе одан кейінгі күндерге негізгі борышты өтеу күні төлемдерді Өтеу үлесінің бастапқы сомаларының барлық қалған сомасы болып табылатын бөлшекке әрбір осындай алу сомасын көбейту арқылы Банк айқындайтын сомада осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс.
3. (а) негізгі борышты өтеудің кез келген күні төленуге тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негізгі борышты өтеудің кез келген күнінің алдындағы күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеудің екінші күні алынды және өтелмеді деп есептеледі және алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс болады;
(b) осы тармақтың (а) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер Банк кез келген уақытта шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті күні немесе одан кейін ұсынылатын төлем мерзімдері негізінде шоттарды ұсыну жүйесін қолданса, осы тармақшаның ережелері шоттарды ұсынудың осындай жүйесі ендірілгеннен кейін қаражатты кез келген алуға қолданылмайтын болады.
ТОЛЫҚТЫРУ
I бөлім. Анықтамалар
1. "Күтпеген шығыстар" мыналарды білдіреді:
(a) мынадай:
(i) Қарыздың негізгі сомасының барлығын немесе қандай да бір бөлігін немесе осы Қарызға қатысты ағымдағы пайыздық кезеңнің соңғы күніне дейін төленбеген соманы немесе негізгі сома немесе төленбеген сома өтеудің жоспарланған мерзімінде төленген, төленбеген соманы алған күннен басталған кезең, үшін осы Келісімнің шарттарына сәйкес Банк алуға тиіс пайыздары;
мынадан:
(ii) Банк өзі алған негізгі сомаға немесе төленбеген сомаға тең соманы алғаннан немесе қайтарғаннан кейінгі жұмыс күнінен басталатын және ағымдағы пайыздық кезеңнің соңғы күні аяқталатын кезеңге тиісті банкаралық нарықтағы жетекші банктегі депозитке орналастыра отырып, алуына болатын пайыз сомасынан асып түсетін сома (егер болса) және
(b) депозиттерді жою немесе пайдалану кезінде келтірілген кез келген залалдар, сыйлықақылар, айыппұлдар, міндеттемелер немесе шығыстар немесе осы Қарыздың барлығын немесе кез келген бір бөлігін беру, оған қызмет көрсету немесе қаржыландыру мақсатында үшінші тұлғадан қарыз алу;
(c) қандай да бір қаржыландыру тетіктерін тоқтату, жою немесе өзгерту салдарынан Банк шеккен кез келген залалдар, шығасылар, шығындар.
2. "Депозиттік шот" осы Қарыз алу туралы келісімге 2-қосымшаның III.B.2-бөлімінде көрсетілгендей Қарыз шотынан алынған қаражат есепке жазылатын, Қарыз алушы көрсеткен және Банк келіскен депозиттік шотты білдіреді.
3. "Ерекшеліктердің экологиялық және әлеуметтік тізімі" Экологиялық және әлеуметтік саясат пен стандарттарда толық жазылғандай, Банк қаржыландырудан алып тастаған және Қарыз алушы Бағдарламадан алып тастауға тиіс қызмет түрлері мен объектілер тізбесін білдіреді.
4. "Алып тасталған шығыстар" осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаға 1-толықтыруда, сондай-ақ Ерекшеліктердің экологиялық және әлеуметтік тізімінде көрсетілген кез келген шығыстарды білдіреді.
5. "Жалпы шарттар" осы қосымшаның II бөлімінде жазылған өзгерістерімен 2021 жылғы 22 қазандағы Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің тәуелсіз қарыздарға арналған жалпы шарттарын білдіреді.
6. "Үкіметтің № 1209 қаулысы" "2035 жылға дейін климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1209 қаулысын білдіреді.
7. "Жапон иенасы" немесе "JPY" Жапонияның заңды валютасын білдіреді.
8. "№ 96-VIII Заң" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 19 маусымдағы № 96-VIII Қазақстан Республикасының Заңын білдіреді.
9. "Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хаты" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары 2026 жылғы 27 қаңтарда қол қойған, 2026 жылғы 30 қаңтардағы хатпен енгізілген өзгерістер ескерілген хатты білдіреді.
10. "№ 322 бұйрық" "Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 663 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 322 бұйрығын білдіреді.
11. "№ 328, 349 және 350 бұйрықтар" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің/министрінің м.а. мынадай:
(a) "Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 328;
(b) "Ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 349; және
(c) "Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын бекіту туралы" 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 350 бұйрықтарын білдіреді.
12. "№ 49 бұйрық" "Валидациялау мен верификациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 49 бұйрығын білдіреді.
13. "Тыйым салынған практикаларға қатысты саясат" Банктің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы тыйым салынған практикаларға қатысты саясатын білдіреді.
14. "Алдын ала шаралар" осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көрсетілгендей Қарыз алушы, Банк және Дүниежүзілік банк арасында келісілген Бағдарлама шеңберінде орындалған саясат шараларын білдіреді.
15. "Бағдарлама" Қарыз алушы Банкке Бағдарламаны орындау бойынша өз міндеттемелері туралы мәлімдейтін және Банктен Бағдарламаның орындалуын қолдау үшін оның климаттың өзгеруіне бағдарланған саясатқа негізделген қаржыландыру тетігінің шеңберінде жәрдем көрсету туралы сұрайтын, Қарыз алушының Банкке жазған 2026 жылғы 11 наурыздағы Саясат туралы хатта айқындалған немесе сілтеме жасалатын мақсаттар, саясат шаралары мен іс- қимылдар бағдарламасын білдіреді және онда қабылданған, оның ішінде осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көрсетілген іс-қимылдар қамтылады.
16. "Бағдарламаны атқару жөніндегі агенттік" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін білдіреді.
17. "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі агенттіктер" Қарыз алушының Энергетика, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Өнеркәсіп және құрылыс және Ұлттық экономика министрліктерін білдіреді.
18. "Тыйым салынған практика" Тыйым салынған практикаларға қатысты саясатта көрсетілген мағынаға ие.
19. "TONA" кез келген Пайыздық кезең үшін TONA әдіснамасындағы TONA эталондық мөлшерлемесінің әкімшісі белгілеген, тиісті Пайыздық кезең үшін Банк ақылға қонымды түрде анықтағандай, әдеттегі жарияланым уақытында тиісті мөлшерлемелер бетінде жарияланатын жылдық пайызбен көрсетілген жапон иеніндегі депозиттер бойынша ұсыныстың банкаралық мөлшерлемесін білдіреді.
20. "Су кодексі" 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII Қазақстан Республикасының Су кодексін білдіреді.
21. "Дүниежүзілік банк" Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкін білдіреді.
22. "Дүниежүзілік банкпен Қарыз туралы келісім" Қарыз алушы мен Дүниежүзілік банк арасында жасалған, Бағдарламаны және реформалардың басқа да бағыттарын қаржыландыру үшін 92316000000 жапон иені мөлшерінде қарыз беруді көздейтін Келісімді білдіреді.
II бөлім. Жалпы шарттарға түзетулер
Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізілді:
1. Жалпы шарттарда "Жоба" деген термин пайдаланылатын жағдайларда бұл термин "Бағдарлама" деген терминмен ауыстырылуға тиіс.
2. 2.01(c) бөлімі алып тасталуға және мынадай мәтінмен ауыстырылуға тиіс:
"Қарыз сомасын Қарыз шотынан әрбір алу Қарыз валютасымен жүзеге асырылады. Банк сұрау салу бойынша және Алушының агентіретінде әрекет ете отырып, сондай-ақ Банк айқындайтын шарттармен Қарыз шотынан алынған қарыз валютасы есебінен Алушы 2.01(b) бөліміне сәйкес сұрататын валюталарды сатып алады.".
3. "Банктің арнаулы міндеттемесі" деген 2.02-бөлім алып тасталуға тиіс.
4. "Қаражатты алуға арналған өтінім" деген 2.03-бөлімнің (а) тармағы алып тасталуға және мынадай мәтінмен ауыстырылуға тиіс:
"Алушы Қарыз шотынан қаражат алуды сұратқысы келген кезде, Алушы Банкке жазбаша өтінімді Банк негізді түрде талап ететін нысанда және мазмұнда жібереді."
5. Жалпы шарттардың "Тағайындалған шоттары" деген 2.04-бөлім алып тасталуға және мынадай мәтінмен ауыстырылуға тиіс:
"2.04-бөлім. Қарыз сомаларын есепке жазу
(a) Банк өзгеше келіскен жағдайларды қоспағанда, Қарыз шотынан қаражаттың барлық алынуын Банк Алушы айқындаған және Банк үшін қолайлы шотқа есепке жазады.
(b) Алушы Қарыз сомасын осы шотқа әрбір есепке жазған кезде баламалы сома Банк үшін қолайлы тәсілмен Алушының бюджетін басқару жүйесінде ескерілетіндей етіп қамтамасыз етеді."
6. "Жол берілетін шығыстар" деген 2.05-бөлім алып тасталуға және мынадай мәтінмен ауыстырылуға тиіс:
"2.05-бөлім. Жол берілетін шығыстар және Алып тасталған шығыстар
Қарыз қаражаты кез келген Жол берілетін шығыстар үшін пайдаланылуы мүмкін, алайда Алушы аталған қаражаттың Алып тасталған шығыстар үшін пайдаланылмауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.".
7. "Ретроактивті қаржыландыру" деген 2.06-бөлім алып тасталуға тиіс.
8. "Салықтарды қаржыландыру" деген 2.07-бөлім алып тасталуға тиіс.
9. "Қайта бөлу" деген 2.09-бөлім алып тасталуға тиіс.
10. Жалпы шарттардың "Жобаны іске асыру" деп аталатын V бап тұтастай алып тасталуға және мынадай мәтінмен ауыстырылуға тиіс:
"V БАП. Бағдарлама
5.01-бөлім. Өзге ресурстарды ұсыну
Алушы Бағдарлама үшін қажетті объектілерді, көрсетілетін қызметтерді және өзге де ресурстарды қажеттілігіне қарай және кідіріссіз береді немесе берілуін қамтамасыз етеді.
5.02-бөлім. Құжаттама"
Алушы Қарыз қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды растайтын барлық тиісті құжаттаманы Жабылу күнінен кейін екі жыл бойы сақтайды. Банктің сұрау салуы бойынша Алушы Банк өкілдеріне осындай құжаттаманы тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5.03-бөлім. Бағдарламаны мониторингтеу және бағалау
(a) Алушы Бағдарламаны іске асыру барысын мониторингтеу мен бағалауды тұрақты негізде жүзеге асыру және Банк үшін қолайлы көрсеткіштерге сәйкес оның мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткілікті саясат пен рәсімдерді қолдайды немесе қолдауды қамтамасыз етеді.
(b) Алушы Бағдарламаны іске асыру, қарыз Тараптардың және Банктің заңды келісімдер бойынша өз міндеттемелерін орындауы және Қарыз мақсаттарына қол жеткізу туралы есепті Банк негізді түрде талап ететін көлемде және егжей-тегжей нақтыланған дәрежеде дайындайды немесе дайындауды қамтамасыз етеді және Банкке Жабылу күнінен кейін он екі (12) айдан кешіктірмей береді.
5.04-бөлім. Ынтымақтастың және консультация.
Банк пен қарыз бойынша Тараптар Қарыз және Бағдарлама мақсаттарына қол жеткізуге кепілдік беру үшін толық көлемде ынтымақтасады. Осы мақсатта Банк және Қарыз бойынша Тараптар:
(a) кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша Бағдарламаға, Қарызға және Заңды келісімдер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуына қатысты кейде пікір алмасады, сондай-ақ басқа Тарапқа ақылға қонымды барлық сұратылған ақпаратты береді; және
(b) жоғарыда көрсетілгендерге кедергі келтіретін немесе кедергі келтіру қаупін төндіретін кез келген жағдайлар туралы біріне-бірі кідіріссіз хабар береді.
5.05-бөлім. Барулар
(a) осы Жалпы шарттарға сәйкес және Банктің сұрау салуы бойынша, сондай-ақ Қарыз алуға немесе Бағдарламаға байланысты сапарларды жеңілдету мақсатында Қатысушы Банк өкілдеріне Қарыз алуға немесе Бағдарламаға байланысты мақсаттарда өз аумағының кез келген бөлігіне бару үшін ақылға қонымды барлық мүмкіндікті ұсынуы тиіс.
(b) Алушы Банк өкілдеріне Заңды келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты құжаттар мен жазбаларды тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5.06-бөлім. Даулы аумақ
Егер Бағдарлама даулы болып табылатын немесе болатын аумақта жүзеге асырылған жағдайда, Бағдарламаны Банктің қаржыландыруы да, Заңды келісімдерде мұндай аумақты белгілеу немесе атап өту де Банктің осындай аумақтың құқықтық немесе өзге мәртебесіне қатысты пайымдау шығаруын көздемейді және мұндай аумаққа қатысты қандай да бір талаптардың нәтижесін алдын ала шешпейді."
11. 7.03(d) бөлімі алып тасталуға тиіс.
12. 7.04-бөлім алып тасталуға тиіс.
13. Келесі жаңа бөлім Ережелердің Күші жойылғаннан, қолданысы Тоқтатылғаннан немесе Жеделдетілгеннен кейінгі қолданылуы 7.08-бөлімінен кейін бірден енгізілуге тиіс:
"7.09-бөлім. Қарызды қайтару
(a) Егер Банк Таңдалған Қарыз қалдығының қандай да бір сомасы Заңды келісімдердің ережелеріне сәйкес келмейтін тәсілмен пайдаланылғанын анықтаса, Алушы Банктің хабарламасы бойынша мұндай соманы дереу Банкке қайтарады. Сонымен қатар, мұндай сәйкес келмейтін пайдалану мыналарды қамтиды:
(i) мұндай соманы кез келген Алып тасталған шығыстарды төлеу үшін пайдалану; және
(ii) Тыйым салынған практикаларға қатысу.
(b) егер Банк өзгеше айқындамаса, Банк осы Бөлімге сәйкес қайтарылған барлық соманың күшін жояды.
(c) егер Қарызға қолданылатын кез келген Конверсия үшін Конверсия кезеңі ішінде 7.09(а)-бөліміне сәйкес қандай да бір қайтару туралы хабарлама берілсе, 4.03-бөлімінің ережелері қолданылады.".
14. Толықтырудың 26-тармағындағы "Жол берілетін шығыстар" деген анықтама алып тасталуға және мынадай мәтінмен ауыстырылуға тиіс:
"Жол берілетін шығыстар" Алып тасталған шығыстарды қаржыландыруды қоспағанда, Бағдарламаны қолдау үшін Қарыз қаражатын кез келген пайдалануды білдіреді.".
15. Толықтырудың 55-тармағындағы "Жергілікті шығыстар" деген анықтама алып тасталуға тиіс.
16. Толықтырудың 61-тармағындағы "Сатып алу саясаты" деген анықтама алып тасталуға тиіс.
17. Толықтырудың 76-тармағындағы "Ретроактивті қаржыландыру деректері" деген анықтама алып тасталуға тиіс.
18. Толықтырудың 77-тармағындағы "Ретроактивті қаржыландыру шегі" деген анықтама алып тасталуға тиіс.
19. Толықтырудың 78-тармағындағы "Ретроактивті төлем" деген анықтама алып тасталуға тиіс.
20. Толықтырудың 80-тармағындағы "Арнаулы міндеттеме" деген анықтама алып тасталуға тиіс.
21. Жалпы шарттарға қосымшадағы "Базалық мөлшерлеме" деген анықтама өзгертілуге және былайша толығымен қайта жазылуға тиіс:
"Базалық мөлшерлеме деген кез келген пайыздық кезең үшін мыналарды білдіреді:
(a) егер тиісті базалық мөлшерлеме тиісті пайыздық кезеңге қатысты әдеттегі жариялау уақытында әдеттегі ақпарат көздерінен қолжетімді болмаса, Банк базалық мөлшерлемені базалық мөлшерлемені есептеудің баламалы әдістеріне қатысты басым нарықтық практиканы, оның нарықтық репрезентативтілігін және оның активтері мен пассивтерін басқару мақсатында Банк үшін қолайлылығын ескере отырып, осындай базалық мөлшерлемені негізді түрде айқындауға тиіс, сондай-ақ Қарыз алушыны тиісті түрде хабардар етуге тиіс деген шартпен (і) АҚШ доллары үшін - күрделі SOFR; (іі) еуро үшін - EURIBOR; және (ііі) жапон йені үшін - TONA;
(b) егер қарыз валютасы АҚШ доллары, еуро немесе жапон йенінен бөлек валюта болып табылса, онда мұндай валюта үшін нарықтық практиканы көрсететін осындай базалық бағам Қарыз туралы келісімде айқындалуға тиіс;
(c) егер: (і) Банк базалық мөлшерлеме Қарыз валютасы үшін баға белгілеуін түпкілікті тоқтатты немесе реттеуші орган базистік бағамның әкімшілігі үшін мұндай базистік бағам репрезентативтік немесе жарияланған болып табылды немесе бұдан кейін болмайды деп жариялай отырып, жария мәлімдеме жасаса немесе ақпарат жариялады деп айқындаса; немесе (іі) Банк активтер мен пассивтерді басқару мақсатында осындай базалық мөлшерлемені пайдалануға дәрменсіз немесе ол бұдан кейін Банк үшін коммерциялық қолайлы болып табылмаса, базалық мөлшерлеме "Пайыздар" деген 3.02-бөлімінің (d) тармағына сәйкес Банк айқындауға және алушыны хабардар етуге тиіс кез келген қолданылатын спредті қоса алғанда, Қарыз валютасы үшін басқа салыстырмалы базалық мөлшерлемені білдіреді.
22. "Ауыспалы спред" деген анықтама Жалпы шарттарға қосымшада өзгертілуі және мынандай түрде толығымен қайта жазылуы тиіс:
"Ауыспалы спред" бастапқы пайыздық кезеңге қолданылатын Қарыз бойынша ауыспалы спредті айқындау мақсатында ауыспалы спредті Банк қаражатты алғашқы алу кезінде айқындайтын жағдайларды қоспағанда, алдыңғы пайыздық кезең үшін пайыздарды төлеу күніне дейін бір күн бұрын Бейжің уақытымен 00:01.-де қолданыста болған және жылыңа пайыздармен көрсетілген Қарыздың өзі сияқты орташа өтеу мерзімімен Банк берген Қарыз валютасында номинацияланған қарыздар бойынша Банктің әрбір пайыздық кезең үшін ауыспалы спредін білдіреді.
III бөлім. Йенмен Қарыз бойынша басқа да ережелер
А. Йенмен Қарызға мынадай ережелер қолданылады:
1. Күтпеген шығыстар
Егер Банк Қарыз алушының:
(a) қандай да бір төлемді белгіленген мерзімде жасамауы;
(b) алдын ала төлеу туралы хабарламаға сәйкес алдын ала төлемді енгізбеуі немесе;
(c) Қарызды өтеуді жеделдету нәтижесінде алдын ала төлем енгізуі белгілі бір күтпеген шығыстарды көтерсе,
бұл жағдайда, Қарыз алушы Банктің талабы бойынша Банк ақылға қонымды егжей-тегжейлі Қарыз алушыны хабардар ететін, Банк шеккен осы күтпеген шығыстар сомасын Банкке төлеуге міндетті.
2. Қарыз қаражатын алу
(a) Қарыз алушы алудың болжамды күніне (немесе Банк пен Қарыз алушы келісуі мүмкін осындай басқа күн) дейін он бес (15) жұмыс күнінен кешіктірмей қаражатты алуға сұрау салудың тиісінше толтырылған түпнұсқасын Банкке жібере отырып, Қарыз қаражатын ала алады.
(b) Қарыз алушы өтеу күні немесе болжамды өтеу күніне дейін Банк (өз қалауы бойынша) ұсынылып отырған Қарызға қатысты Банк қажетті қаржылық операцияларды жасағанын анықтаса, Қарыз алушы Қарыз қаражатын ала алады.
3. Валютаны уақытша ауыстыру
(a) егер Банк кез келген уақытта қарызды қаржыландыру мақсатында Қарыз валютасын бере алмайтын төтенше жағдай туындағанын негізді түрде анықтаса, Банк осындай балама валютаны немесе Банк таңдаған Қарыз валютасының орнына валютаны ("Баламалы Қарыз валютасы") ұсына алады. Осындай төтенше жағдай орын алған кезең ішінде.
i) Қарыздың ауыстыратын валютасы Заңды келісімдердің мақсаттарына арналған Қарыз валютасы болып есептеледі және
ii) Қарыз бойынша төлемдер Қарыз валютасын алмастыратын валютада жүргізілуге тиіс және Банк негізді түрде белгілеген қағидаттарға сәйкес басқа да тиісті қаржылық шарттар қолданылуы тиіс. Банк Қарыз Тараптарын осындай төтенше жағдайдың туындағаны туралы, Қарыздың ауыстырылатын валютасы және Қарыздың ауыстырылатын валютасымен байланысты Қарыздың қаржылық шарттары туралы дереу хабардар етуге міндетті.
(b) осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес Банктен хабарлама алғаннан кейін Алушы осыдан кейін отыз (30) күн ішінде Банкті Қарыздың ауыстыратын валютасы ретінде Банк үшін қолайлы басқа валютаны таңдағаны туралы хабардар ете алады. Мұндай жағдайда Банк Алушыны Қарыздың көрсетілген алмастыратын валютасына қолданылатын, Банк ақылға қонымды түрде белгілеген қағидаттарға сәйкес айқындалатын Қарыздың қаржылық шарттары туралы хабардар етеді.
(c) осы бөлімнің (а) тармағында аталған төтенше жағдай орын алған кезеңінде Қарыз бойынша алдын ала төлегені үшін сыйлықақы төленбейді.
(d) Банк бастапқыда Қарызды ресімдеу кезінде пайдаланылған Қарыз валютасын қайтадан бере алатын болса, Алушының өтініші бойынша ол алмастыратын Қарыз валютасын Банк ақылға қонымды түрде белгілеген қағидаттарға сәйкес бастапқы Қарыз валютасына өзгертуі тиіс; егер мұндай Қарызды Кепілдік қатысушысы өтеген жағдайда, Банк мұндай өзгерістерді Қарыз тараптарын хабардар ете отырып, Қатысушының Кепілдігінде өз қалауы бойынша осындай өзгерістерді көрсете алады.
Осымен 2026 жылғы 15 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімнің (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
| Вице-министр | Д. Кеңбеил |