О подписании Меморандума между правительствами государств – членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в борьбе с изменением климата

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2026 года № 779

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Меморандума между правительствами государств – членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в борьбе с изменением климата.

      2. Уполномочить Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Кыргызской Республике Скакова Абылкаира Бактыбаевича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Меморандум между правительствами государств – членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в борьбе с изменением климата, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Одобрен
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от " " 2026 года №
  Проект

Меморандум
между правительствами государств – членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в борьбе с изменением климата

      Правительства государств – членов Шанхайской организации сотрудничества (далее – ШОС), в дальнейшем именуемые Участниками,

      намереваясь развивать сотрудничество по реагированию на вызовы, связанные с изменением климата,

      признавая, что изменение климата является одной из важнейших мировых проблем, решение которой требует совместных подходов всех членов международного сообщества,

      подчеркивая важность следования принципам, определенным в Рамочной конвенции Организации Объединенных Наций (далее – ООН) об изменении климата и Парижском соглашении к ней, включая принцип справедливости и принцип общей, но дифференцированной ответственности и соответствующих возможностей с учетом различных национальных обстоятельств;

      отмечая важность совместных усилий, направленных на борьбу с изменением климата, в том числе посредством сокращения и поглощения выбросов парниковых газов, а также принятия мер по адаптации к изменению климата, при этом признавая, что устойчивое развитие и искоренение бедности остаются первостепенными приоритетами для развивающихся стран;

      руководствуясь Хартией ШОС от 7 июня 2002 года и Договором о долгосрочном добрососедстве, дружбе и сотрудничестве государств – членов ШОС от 16 августа 2007 года,

      принимая во внимание Заявление Совета глав государств – членов ШОС по реагированию на изменение климата от 16 сентября 2022 года,

      подтверждая приверженность международным обязательствам, вытекающим из Рамочной конвенции ООН об изменении климата от 9 мая 1992 года и Парижского соглашения от 12 декабря 2015 года, а также намерение вносить конструктивный вклад в реализацию глобальной климатической повестки, признавая, что расширение международного сотрудничества, включая разработку и передачу технологий и наращивание потенциала, имеет важное значение для обеспечения эффективных действий по борьбе с изменением климата;

      достигли взаимопонимания о нижеследующем:

Параграф 1

      Целями настоящего Меморандума являются укрепление регионального сотрудничества в борьбе с изменением климата и содействие устойчивому развитию, повышение устойчивости и адаптационного потенциала Участников к негативным последствиям изменения климата, а также содействие обмену передовым опытом, знаниями и технологиями, связанными со смягчением изменения климата и адаптацией к нему.

Параграф 2

      Участники в рамках настоящего Меморандума будут осуществлять сотрудничество по следующим направлениям в зависимости от национальных обстоятельств, приоритетов и возможностей:

      обмен опытом в области разработки и реализации эффективной климатической политики, включая вопросы смягчения изменения климата и адаптации к нему, в том числе совершенствования и модернизации инфраструктуры, устойчивой к воздействию изменения климата;

      обмен опытом в области повышения поглощения или сокращения выбросов парниковых газов посредством внедрения экономически эффективных технологий с низким уровнем выбросов;

      обмен опытом в области развития углеродных рынков и торговли углеродными единицами, где это применимо;

      обмен опытом и лучшими практиками по оценке климатических рисков и эффективности мер адаптации, разработке и реализации планов по адаптации;

      обмен опытом по укреплению системы раннего предупреждения;

      развитие кадрового потенциала через обучение специалистов в области изменения климата по взаимному согласию Участников;

      обмен мнениями и, при необходимости, координация позиций государств – членов ШОС по вопросам изменения климата в рамках соответствующих многосторонних платформ, включая Рамочную конвенцию ООН об изменении климата (РКИК ООН), Межправительственную группу экспертов по изменению климата (МГЭИК) и Всемирную метеорологическую организацию (ВМО).

      Сотрудничество в рамках настоящего Меморандума будет осуществляться в том числе посредством проведения семинаров, форумов, круглых столов.

Параграф 3

      Вопросы, связанные с осуществлением настоящего Меморандума, будут рассматриваться на заседаниях специальной рабочей группы государств – членов ШОС по вопросам изменения климата.

Параграф 4

      Каждый из Участников будет самостоятельно нести расходы, связанные с осуществлением деятельности в рамках настоящего Меморандума.

      Участники будут осуществлять обмен опытом и передовыми практиками в области финансирования смягчения изменения климата и адаптации к нему, а также при необходимости развивать взаимодействие между развивающимися странами и странами с переходной экономикой по вопросам изменения климата и в рамках соответствующих международных механизмов, участниками которых являются государства – члены ШОС.

Параграф 5

      Каждый из Участников назначит компетентный орган (органы) своего государства, ответственный (ответственные) за реализацию настоящего Меморандума, и проинформирует об этом депозитария в течение 30 дней с момента подписания настоящего Меморандума. Депозитарий направит информацию о компетентных органах другим Участникам.

      Об изменении компетентного органа (органов) Участники настоящего Меморандума в течение 30 дней письменно будут уведомлять депозитария.

Параграф 6

      По согласованию Участников в настоящий Меморандум могут быть внесены изменения и дополнения.

Параграф 7

      В случае возникновения споров и разногласий в связи с применением настоящего Меморандума Участники разрешают их путем консультаций и переговоров.

Параграф 8

      Настоящий Меморандум заключается на неопределенный срок и применяется с даты его подписания. Настоящий Меморандум после его вступления в силу открыт для присоединения государств, ставших членами ШОС, путем передачи депозитарию документа о присоединении.

      Любой из Участников вправе выйти из настоящего Меморандума, направив письменное уведомление об этом депозитарию не менее чем за 3 месяца до предполагаемой даты выхода. Депозитарий извещает о таком намерении других Участников в течение 30 дней с даты получения уведомления о выходе.

Параграф 9

      Настоящий Меморандум не является международным договором и не создает прав и обязательств, регулируемых международным правом.

      Настоящий Меморандум не затрагивает права и обязательства Участников, вытекающие из международных договоров, участниками которых являются их государства.

Параграф 10

      Депозитарием настоящего Меморандума является Секретариат ШОС, который направит Участникам его заверенную копию в течение 30 дней после подписания настоящего Меморандума.

      Подписано в городе _____ ______ ______ года в одном подлинном экземпляре на русском и китайском языках, причем оба текста имеют одинаковое содержание.

      От имени Правительства
Республики Беларусь
      От имени Правительства
Республики Индия
      От имени Правительства
Исламской Республики Иран
      От имени Правительства
Республики Казахстан
      От имени Правительства
Китайской Народной Республики
      От имени Правительства
Кыргызской Республики
      От имени Правительства
Исламской Республики Пакистан
      От имени Правительства
Российской Федерации
      От имени Правительства
Республики Таджикистан
      От имени Правительства
Республики Узбекистан

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 779 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовқа Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2026 жылғы 28 тамыздағы
№ 779 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы

МЕМОРАНДУМ

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі – ШЫҰ) мүше мемлекеттердің үкіметтері, бұдан әрі Қатысушылар деп аталатындар,

      климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлерге ден қою жөніндегі ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіре отырып,

      климаттың өзгеруі әлемдік аса маңызды проблемалардың бірі болып табылатынын, оны шешу халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерінің бірлескен тәсілдерін талап ететінін мойындай отырып,

      әділеттілік қағидатын және әртүрлі ұлттық жағдайларды ескергендегі ортақ, бірақ сараланған жауапкершілік пен тиісті мүмкіндіктер қағидатымен қоса Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясында және оған Париж келісімінде айқындалған қағидаттарды ұстанудың маңыздылығын атап көрсете отырып;

      климаттың өзгеруіне қарсы күреске, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды қабылдау арқылы бағытталған бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өте отырып, бұл ретте орнықты даму мен кедейлікті жою дамушы елдер үшін бірінші кезектегі басымдықтар болып қала беретінін мойындай отырып;

      2002 жылғы 7 маусымдағы ШЫҰ Хартиясын және 2007 жылғы 16 тамыздағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартын басшылыққа ала отырып,

      ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі климаттың өзгеруіне ден қою жөніндегі мәлімдемесін назарға ала отырып,

      1992 жылғы 9 мамырдағы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясынан және 2015 жылғы 12 желтоқсандағы Париж келісімінен туындайтын халықаралық міндеттемелерге бейілділігін, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы тиімді іс-қимылдарды қамтамасыз ету үшін технологияларды әзірлеу мен беруді және әлеуетті арттыруды қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды мәнге ие екенін мойындай отырып, жаһандық климаттық күн тәртібін іске асыруға сындарлы үлес қосу ниетін растай отырып;

      төмендегілер туралы өзара түсіністікке қол жеткізді:

1-параграф

      Осы Меморандумның мақсаты климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі өңірлік ынтымақтастықты нығайту және орнықты дамуға жәрдемдесу, Қатысушылардың климаттың өзгеруінің теріс салдарына төзімділігі мен бейімделу әлеуетін арттыру, сондай-ақ климаттың өзгеруін жұмсартуға және оған бейімделуге байланысты озық тәжірибе, білім мен технология алмасуға жәрдемдесу болып табылады.

2-параграф

      Қатысушылар осы Меморандум шеңберінде ұлттық жағдайларға, басымдықтар мен мүмкіндіктерге қарай мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады:

      климаттың өзгеруін жұмсарту және оған бейімделу мәселелерін, оның ішінде климаттың өзгеруінің әсеріне төзімді инфрақұрылымды жетілдіру мен жаңғыртуды қоса алғанда, тиімді климаттық саясатты әзірлеу және іске асыру саласында тәжірибе алмасу;

      шығарындылары төмен экономикалық тиімді технологияларды ендіру арқылы парниктік газдарды сіңіруді арттыру немесе олардың шығарындыларын азайту саласында тәжірибе алмасу;

      қолдануға болатын жағдайларда көміртегі нарықтарын дамыту және көміртегі бірліктерімен сауда жасау саласында тәжірибе алмасу;

      климаттық тәуекелдерді және бейімделу шараларының тиімділігін бағалау, бейімделу жоспарларын әзірлеу және іске асыру бойынша тәжірибе және үздік практика алмасу;

      ерте ескерту жүйесін нығайту бойынша тәжірибе алмасу;

      Қатысушылардың өзара келісімі бойынша климаттың өзгеруі саласындағы мамандарды оқыту арқылы кадрлық әлеуетті дамыту;

      БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын (БҰҰ КӨНК), Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобын (КӨҮСТ) және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымды (ДМҰ) қоса алғанда, тиісті көпжақты алаңдар шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің климаттың өзгеруі мәселелері бойынша пікір алмасуы және қажет болған жағдайда ұстанымдарын үйлестіру.

      Осы Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық, оның ішінде семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады.

3-параграф

      Осы Меморандумды іске асыруға байланысты мәселелер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады.

4-параграф

      Қатысушылардың әрқайсысы осы Меморандум шеңберіндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды дербес көтеретін болады. Қатысушылар климаттың өзгеруін жұмсартуды және оған бейімделуді қаржыландыру саласында тәжірибе және озық практика алмасуды жүзеге асыратын болады, сондай-ақ қажет болған жағдайда климаттың өзгеруі мәселелері бойынша дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдер арасындағы және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қатысушылары болып табылатын тиісті халықаралық тетіктер шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытатын болады.

5-параграф

      Қатысушылардың әрқайсысы осы Меморандумды іске асыруға жауапты өз мемлекетінің құзыретті органын (органдарын) айқындайды және осы Меморандумға қол қойылған кезден бастап 30 күн ішінде бұл туралы Депозитарийді хабардар етеді. Депозитарий құзыретті органдар туралы ақпаратты басқа Қатысушыларға жібереді.

      Құзыретті орган (органдар) өзгерген жағдайда осы Меморандумға Қатысушылар 30 күн ішінде Депозитарийді бұл туралы жазбаша түрде хабардар ететін болады.

6-параграф

      Қатысушылардың келісуі бойынша осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

7-параграф

      Осы Меморандумды қолдануға байланысты даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Қатысушылар оларды консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.

8-параграф

      Осы Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалады және оған қол қойылған күннен бастап қолданылады. Осы Меморандум күшіне енгеннен кейін ШЫҰ-ға мүше болған мемлекеттердің Депозитарийге қосылу туралы құжатты беруі арқылы олардың қосылуы үшін ашық болады. Қатысушылардың кез келгені болжамды шығу күніне дейін кемінде 3 ай бұрын Депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Меморандумнан шығуға құқылы. Депозитарий шығу туралы хабарламаны алған күннен бастап 30 күн ішінде басқа Қатысушыларды осындай ниет туралы хабардар етеді.

9-параграф

      Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылмайды және халықаралық құқықпен реттелетін құқықтар мен міндеттемелерді туындатпайды.

      Осы Меморандум Қатысушылардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

10-параграф

      ШЫҰ Хатшылығы осы Меморандумның Депозитарийі болып табылады, ол осы Меморандумға қол қойылғаннан кейін 30 күн ішінде Қатысушыларға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      ___ жылғы "___" ____ ____ қаласында орыс және қытай тілдерінде бір төлнұсқа данада қол қойылды, бұл ретте екі мәтіннің де мазмұны бірдей.

      Беларусь Республикасының Үндістан Республикасының
      Үкіметі атынан Үкіметі атынан
      Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасының
      Үкіметі атынан Үкіметі атынан
      Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасының
      Үкіметі атынан Үкіметі атынан
      Пәкістан Ислам Республикасының Ресей Федерациясының
      Үкіметі атынан Үкіметі атынан
      Тәжікстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі атынан Үкіметі атынан