О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 21 "Об утверждении Типового кодекса корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния"

Приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 июля 2026 года № 114. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июля 2026 года № 39375

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 21 "Об утверждении Типового кодекса корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативно-правовых актов за № 17726) следующие изменение и дополнения:

      в Типовом кодексе корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния, утвержденном указанным приказом:

      дополнить подпунктом 10-1) пункта 1 следующего содержания:

      "10-1) Кодекс деловой этики – утверждаемый советом директоров свод принципов и правил, устанавливающий основные ценности и стандарты деловой этики, обязательные для соблюдения должностными лицами и персоналом Общества.";

      пункт 226 изложить в следующей редакции:

      "226. Основные принципы предотвращения, выявления, оценки и урегулирования конфликта интересов закрепляются в Кодексе деловой этики Общества, утверждаемом советом директоров.

      Кодекс деловой этики определяет корпоративные ценности, этические принципы и стандарты поведения, требования по предотвращению и урегулированию конфликта интересов, а также последствия несоблюдения его положений.

      Должностные лица и персонал Общества соблюдают требования Кодекса деловой этики.";

      дополнить параграфом 23-1 следующего содержания:

      "Параграф 23-1. Деловая этика и корпоративная культура

      226-1. Должностным лицам и персоналам Общества необходимо:

      неукоснительно соблюдать служебную дисциплину, добросовестно, беспристрастно и качественно исполнять свои служебные обязанности, рационально и эффективно использовать рабочее время;

      повышать свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей, соблюдать ограничения и запреты, установленные законами Республики Казахстан;

      соблюдать общепринятые морально-этические нормы, уважительно относиться к государственному языку и другим языкам, традициям и обычаям народов;

      проявлять добросовестность, дисциплинированность, ответственность, терпение, вежливость, тактичность и уважение к другим лицам в ходе переговоров (встреч);

      не допускать действий, наносящий ущерб репутации организаций;

      не давать повода для обоснованной критики со стороны общества;

      соблюдать служебную субординацию;

      придерживаться официального, сдержанного, делового стиля одежды в ходе исполнения служебных обязанностей в соответствии общепринятым деловым стилем;

      соблюдать деловой этикет и правила официального поведения.

      226-2. Должностные лица предотвращают, выявляют и разрешают ситуаций, связанные с нарушениями требований деловой этики и правил поведения.

      Должностные лица и персоналы Общества согласно компетенции, реагируют на проблемы, связанные с нарушением требований деловой этики, посредством:

      принятия своевременных мер по исправлению ситуации и устранению недостатков;

      принятия и/или предложения действенных мер дисциплинарного характера в установленном законодательством порядке;

      проведения консультаций с соответствующими структурными подразделениями и/или органами.".

      3. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство финансов
      Республики Казахстан

"Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 шілдеде № 39375 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Іскерлік әдеп кодексі – директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналының сақтауы үшін міндетті іскерлік әдептің негізгі құндылықтары мен стандарттарын белгілейтін қағидаттар мен қағидалар жиынтығы;";

      226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "226. Мүдделер қақтығысын болғызбаудың, анықтаудың, бағалаудың және реттеудің негізгі қағидаттары директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Іскерлік әдеп кодексінде бекітіледі.

      Іскерлік әдеп кодексі корпоративтік құндылықтарды, әдеп қағидаттары мен мінез-құлық стандарттарын, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарды, сондай-ақ оның ережелерінің сақталмау салдарын айқындайды.

      Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтайды.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-параграфпен толықтырылсын:

      "23-1-параграф. Іскерлік әдеп және корпоративтік мәдениет

      226-1. Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы:

      қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтауы, өз қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындауы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы;

      қызметтік міндеттерін тиімді атқаруы үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруы, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы;

      жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы, мемлекеттік тілге және басқа да тілдерге, халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауы;

      келіссөздер (кездесулер) барысында адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік танытуы және басқаларға құрмет көрсетуі;

      ұйымның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі;

      қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауы;

      қызметтік дәреже сатысын сақтауы;

      қызметтік міндеттерін орындау барысында жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес киімнің ресми, ұстамды, іскерлік стилін ұстануы;

      іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы қажет.

      226-2. Лауазымды адамдар іскерлік әдеп талаптары мен мінез-құлық қағидаларының бұзылуына байланысты жағдайларды болғызбайды, анықтайды және шешеді.

      Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналының құзыретіне сәйкес іскерлік әдеп талаптарын бұзумен байланысты проблемаларға :

      жағдайды түзету және кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік сипаттағы пәрменді шараларды қабылдау және/немесе ұсыну;

      тиісті құрылымдық бөлімшелермен және/немесе органдармен консультациялар өткізу арқылы ден қояды.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі