О внесении изменений в совместные нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 28 ноября 2015 года № 10-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 590 "Об утверждении Единых принципов и подходов к системе управления рисками, применяемых органами государственного аудита и финансового контроля"

Совместное нормативное постановление Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан от 6 августа 2026 года № 12-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2026 года № 534. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2026 года № 39758

      Высшая аудиторская палата Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата) ПОСТАНОВЛЯЕТ и Министр финансов Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ:

      1. Внести в совместные нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 28 ноября 2015 года № 10-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 590 "Об утверждении Единых принципов и подходов к системе управления рисками, применяемых органами государственного аудита и финансового контроля" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12502) следующие изменения:

      в Единых принципах и подходах к системе управления рисками, применяемых органами государственного аудита и финансового контроля, утвержденных указанным совместным нормативным постановлением и приказом:

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) предметы государственного аудита и финансового контроля (далее – предметы государственного аудита) – деятельность государственных органов, в том числе управление государственными финансами, концепции развития отрасли/сферы, национальные проекты, бюджетные программы, планы развития государственных органов, планы развития столицы, области, городов республиканского значения;"

      абзац третий пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "Второй этап – формирование реестра рисков (или матрицы-рисков для целей внутреннего государственного аудита) программных документов (концепции развития отрасли/сферы, национальные проекты, планы развития государственных органов, планы развития столицы, области, городов республиканского значения) по критериям, основанным на достижении целевых индикаторов и показателей в соответствии с программным документом и нормативными правовыми актами по его реализации."

      абзац третий пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "Критерии рисков определяются, в том числе:

      на основе системы ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных органов и местных исполнительных органов столицы, областей, городов республиканского значения;

      наличия структурных и территориальных подразделений, подведомственных организаций;

      количества бюджетных программ, бюджетных инвестиционных проектов, а также результатов их реализации.

      Для целей внутреннего государственного аудита после формирования реестров рисков объектов государственного аудита формируется матрица-рисков по объектам государственного аудита."

      2. Департаменту планирования, сертификации и методологии аппарата Высшей аудиторской палаты в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместных нормативного постановления и приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместных нормативного постановления и приказа на интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты.

      3. Контроль за исполнением настоящих совместных нормативного постановления и приказа возложить на руководителя аппарата Высшей аудиторской палаты и курирующего вице-министра финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместные нормативное постановление и приказ вводятся в действие после дня их первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
__________М. Такиев
      Председатель Высшей аудиторской палаты
Республики Казахстан
__________А. Смаилов

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 6 тамыздағы № 12-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 534 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 тамызда № 39758 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерде:

      3 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысандары (бұдан әрі – мемлекеттік аудит нысандары) – мемлекеттік органдардың қызметі, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, саланы/аяны дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар, бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары;"

      20 - тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші кезең – бағдарламалық құжатқа және оны іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге негізделген өлшемшарттар бойынша бағдарламалық құжаттардың (саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, даму жоспарлары) тәуекелдер тізілімін (немесе ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаттары үшін тәуекелдер матрицаларын) қалыптастыру."

      21 - тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуекелдер өлшемшарттары, соның ішінде:

      орталық мемлекеттік органдар және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің негізінде;

      құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың болуына;

      бюджеттік бағдарламалардың, бюджеттік инвестициялық жобалардың санына, сондай-ақ олардың іске асырылу нәтижелеріне қарай айқындалады.

      Ішкі мемлекеттік аудит мақсаттары үшін мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдер тізілімі қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік аудит объектілері бойынша тәуекелдер матрицасы қалыптастырылады."

      2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
__________М. Такиев__________А. Смаилов