О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 "Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе"

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 11 сентября 2026 года № 692. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 сентября 2026 года № 39871

      Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 "Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе" (зарегистровано в государственном реестре нормативных правовых актов № 8540-04) следующие изменения:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:";

      Размер и правила оказания жилищной помощи в Шалкарском районе утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Шалкарского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет–ресурсе Шалкарского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шалкарского
районного маслихата
Ж. Шамбалаев

  Приложение к решению
маслихата Шалкарского района
от 11 сентября 2026 года № 692
  Приложение к решению
Шалкарского районного
маслихата от 15 марта 2024 года
№ 221

Размер и правила оказания жилищной помощи в Шалкарском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета услугополучателям проживающим в Шалкарском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище либо его части на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Шалкарский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи в Шалкарском районе

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателям на эти цели, в размере 5 (пять) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм, согласно пункту 4-1 Правил.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или на веб-портал "цифрового правительства", согласно Правилам.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных расходах на текущие и накопительные взносы и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 692 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 қыркүйекте № 39871 болып тіркелді

      Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8540-04 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Шамбалаев

  Шалқар аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 692 шешіміне қосымша
  Шалқар аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 15 наурыздағы
№ 221 шешіміне қосымша

Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шалқар ауданында тұратын жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырылады.

2-тарау. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес нормалар шегінде есептейді.

      5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына қағидаларға сәйкес тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен жеткізушілер ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналары бойынша ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шоттар негізінде көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.