Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 577 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 36-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшелері (ведомстволар, департаменттер мен басқармалар) жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-күніне дейін жоғарыда көрсетілген жоспардың мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізу және қаржы қаражатын игеру туралы ақпаратты Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығына ұсынсын.

      3. Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Төтенше жағдайлар вице-министрлеріне және Министрліктің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      Министр Ш. Әрінов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
20___ жылғы "___" _________
_____________________________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
20___ жылғы "___" _________
___________________________

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 577 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026- 2030 жылдарға арналған даму жоспары

1-бөлім. Кіріспе

      Төтенше жағдайлар министрлігінің орта мерзімді кезеңге арналған қызметі мынадай іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болады:

      Төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) санын азайту, материалдық және адам шығынын барынша азайту;

      ТЖ алдын алу тиімділігін арттыру, іс-қимылдардың жеделдігі, ақпараттық жүйелерді автоматтандыру және енгізу;

      материалдық-техникалық жарақтандыру, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы, оларды тұрақты дайындықта ұстау;

      өртке қарсы қорғалу деңгейін арттыру;

      ТЖ аймағындағы халыққа шұғыл және психологиялық көмек көрсету;

      азаматтардың тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру мақсатында халыққа хабар беру және ТЖ жағдайында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына үйрету.

      Осы іс-шараларды іске асыру ел халқы мен аумақтарын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

2-бөлім. Бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және ресурстар

№

Атауы

Жауапты тұлғалар

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептілік жыл
2024

Ағымдағы жылғы жоспар (факт) 2025

Жоспарлы кезең

2026

2027

2028

2029

2030

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Өзге жоспарлау құжаттарын, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді іске асыру және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну

1- бағыт. Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

1.

1-мақсат. Техногендік авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан болатын нұқсанды және тәуекелдерді азайту бойынша жағдайлар жасау

1)

1-нысаналы индикатор. Халықты және аумақтарды ТЖ-дан қорғау деңгейі

жетекшілік ететін вице-министр

ведомстволық деректер

%

75,7

75,9

80,5

81,5

82,3

84,2

85,6

2.

2-мақсат. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2)

2-нысаналы индикатор. ҚР аумағы бойынша сейсмостанциялар желісімен қамтамасыз ету деңгейі

жетекшілік ететін вице-министр

ведомстволық деректер

%

14

19

36,6

42,6

48,6

54,6

60,6


Қаржылық ресурстар



млн теңге

24 961,7

10 508,2

88 569,0

52 460,6

5 821,5

11 952,1

12 166,1

2-бағыт. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету

3.

3-мақсат. Материалдық-техникалық базаны нығайту

3)

3-нысаналы индикатор. Азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі

Аппарат басшысы

ведомстволық деректер

%

63,9

67,3

67,4

67,5

67,6

73,7

75,8


Қаржылық ресурстар



млн теңге

32 989,0

18 294,2

131 611,6

120 267,4

145 055,7

145 055,7

145 055,7

3- бағыт. Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту

4.

4-мақсат. Тауарлық-материалдық құндылықтардың жеткілікті көлемін құру және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін жетілдіру

4)

4-нысаналы индикатор. Мемлекеттік материалдық резервтің қамтамасыз ету деңгейі (гриф өте құпия)

жетекшілік ететін вице-министр

ведомстволық деректер

%









Қаржылық ресурстар



млн теңге

8 855,5

10 490,9

86 457,1

82 258,3

80 220,5

80 220,5

80 220,5

4-бағыт. Өз әлеуетін арттыру, ТЖМ кәсіби қызметін дамыту

5.

5-мақсат. Төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде халыққа көмек көрсетудің тиімділігін арттыру

5)

5-нысаналы индикатор. ТЖ кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетуге медициналық кызметтің дайындық деңгейі

жетекшілік ететін вице-министр

ведомстволық деректер

%

65,6

66

68,3

71,1

72,7

74

74,6


Қаржылық ресурстар



млн теңге

4 134,8

4 183,7

4 556,6

4 482,1

4 474,6

4 474,6

4 474,6

6.

6-мақсат. Азаматтық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін жетілдіру

6)

6-нысаналы индикатор. Азаматтық қорғау органдарының білікті мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі

жетекшілік ететін вице-министр

ведомстволық деректер

%

66,6

76,6

78,3

80

81,7

83,3

85


Қаржылық ресурстар



млн теңге

2 215,7

2 953,5

4 352,2

4 260,1

4 256,9

4 256,9

4 256,9


Өзге құжаттар мен функцияларды іске асыруға қаржылық ресурстардың ЖИЫНЫ



млн теңге

73 156,7

46 430,5

315 546,5

263 728,5

239 829,2

245 959,8

246 173,8


Қаржылық ресурстардың жалпы көлемі



млн теңге

218 104,9

229 964,9

553 551,0

503 959,6

478 623,1

484 753,7

484 967,7


оның ішінде нысаналы индикаторларымен қамтылмаған бюджет қаражаты (ББ - 001)



млн теңге

144 948,2

183 534,4

238 004,5

240 231,1

238 793,9

238 793,9

238 793,9

3-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

№

Нысаналы индикаторлар/іс-шаралар

Өзара іс-қимыл көзделетін мемлекеттік органдар

Өзара іс-қимылдың сипаттамасы

Өзге жоспарлау құжаттарын, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді іске асыру және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну

1.

1-нысаналы индикатор. Халықты және аумақтарды ТЖ-дан қорғау деңгейі

ЖАО



2-іс-шара/жоба. Су тасқыны қатерінің туындау қаупін азайту және нұқсанды төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру: инженерлік жұмыс жоспарларын іске асыру

ЖАО

Қорғаныш құрылысжайларын (бөгендерді, бөгеттерді) салу және жаңғырту, жағалауды нығайту, арнаны қалыптастыру, түбін тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргізу


3-іс-шара/жоба. Үлгілік өрт сөндіру деполарын құру

ЖАО

Өңір аумағында өрт деполарын салу (реконструкциялау) жолымен елді мекендер мен экономика объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету


4-іс-шара/жоба. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріндегі газ және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау датчиктерін орнату

ЖАО

Қауіпті концентрациялық газ және жану өнімдерінің анықтау датчиктерді жергілікті бюджет есебінен сатып алып кейіннен оларды халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне орнату


5-іс-шара/жоба. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қорғау объектілерін салу және реконструкциялау

ЖАО

Құрылысқа жер учаскелерін бөлуді қамтамасыз ету, ТЖ-ға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру

2.

3-нысаналы индикатор. Азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі

ЖАО



1-іс-шара/жоба. Сиреналық-сөйлеу құрылғыларды сатып алу

ЖАО

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сиреналық-сөйлеу құрылғылары сатып алынады


4-іс-шара/жоба. Техниканы, жабдықтар мен құрал-жабдықтарды сатып алу

ЖАО

Материалдық-техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу, яғни ЖАО техника, құрал-жабдық, жабдықтарды сатып алады

      Аббревиатураны толық ашып жазу:

      ББ - бюджеттік бағдарлама

      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

      ҚР - Қазақстан Республикасы

      ТЖ - төтенше жағдайлар

      ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады