"Толық бітіріп" берілетін құрылыс туралы шарт бойынша іске асырылатын объектілердің тізбесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 408/52-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 тамыздағы № 453/58-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Толық бітіріп" берілетін құрылыс туралы шарт бойынша іске асырылатын объектілердің тізбесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 408/52-VIII шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған шешімге қосымшада:

      "Толық бітіріп" берілетін құрылыс туралы шарт бойынша іске асырылатын объектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмері 2-жолмен толықтырылсын:

      "

2

"Астана қаласын газдандыру. Құрылыстың ІІІ кезегі. "Өндіріс" тұрғын алабын газдандыру"

Астана қаласы, "Байқоңыр" ауданы, "Өндіріс" тұрғын алабы

"Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесі

______

______

      ".

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады