Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Профилактикасы және диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Рамазанов |
| Акмола облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 29 мамырдағы | |
| № А-5/221 қаулысына қосымша | |
| Акмола облысы әкімдігінің | |
| 2016 жылғы 7 сәуірдегі | |
| № А-5/157 қаулысымен | |
| бекітілген |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз (тері асты бөгелегі)
Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллезді іш тастау, эпизоотиялық лимфангит.