Көкшетау қаласы мәслихатының 2026 жылғы 28 қарашадағы № С-26/10 "2026 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізі туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 8 маусымдағы № С-34/6 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы №166 бұйрығының 1-тараудың 4-тармағына сәйкес "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде №20284 болып тіркелген) қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласы мәслихатының 2026 жылғы 28 қарашадағы № С-26/10 "2026 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көкшетау қаласы бойынша 2026 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері ай сайын 1 (бір) шаршы метр үшін 72,23 теңге мөлшерінде бекітілсін, бұл тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,0167 бөлігін құрайды.";

      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д. Әкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады