Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 08 қаңтардағы № KZ72VBG01707204 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, (коллектор) кәріздік тазарту құрылыстарын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін, ауданы 0,3729 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 12 955 (он екі мың тоғыз жүз елу бес) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |