Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2025 жылғы 31 қазандағы № KZ09VBG01671672 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сунгат Зейнуллович Бегеновқа Көкшетау қаласы, Ж. Тілеулин, 110 мекенжайы бойынша орналасқан, 0,4 кВ кабельдік желіге қызмет көрсету үшін жер учаскелерін алып қоймай, ауданы 0,0043 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут орнатылсын.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 149 (жүз қырық тоғыз) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. С.З. Бегенов жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |