Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына Көкшетау қаласы, жер учаскелерін алып қоймай, жалпы ауданы 0,1879 га, жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығымен он жыл мерзімге қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес орнатылсын.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн төлем осы қаулының қосымшасына сәйкес төлемақы бюджетке түседi.
3. "Транстелеком" акционерлік қоғамы жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |
| Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "___"________ № _________ қаулысына қосымша |
"Транстелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізбесі
б/п | Жер учаскесінің мекенжайы | Аумағы (га) | Нысаналы мақсаты | Сервитут үшiн төлемақы |
1 | Көкшетау қаласы, Новый шағын ауданы, М. Ғабдуллин көшесі | 0,1049 | телекоммуникациялық желіні пайдалану үшін | 3 644 |
2 | Көкшетау қаласы, Новый шағын ауданы, М. Ғабдуллин көшесі | 0,0054 | телекоммуникациялық желіні пайдалану үшін | 188 |
3 | Көкшетау қаласы, Елемесова көшесі | 0,0776 | телекоммуникациялық желіні қолданыстағы кабельдік кәрізден Наурызбай батырдағы жаңадан салынған ТК ге дейін пайдалану үшін | 2 696 |