Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № А-3/315 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2025 жылғы 22 желтоқсандағы № KZ01VBG01699849 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Көкшетау қаласы, Саин көшесі, 30 А (кадастрлық нөмірі 01-174-010-1847) және Саин көшесі, 30 Б (кадастрлық нөмірі 01-174-010-1496) көп пәтерлі тұрғын үйлер арасында орналасқан ауданы 0,0079 га учаскесі жерасты талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 274 (екі жүз жетпіс төрт) теңге төлемақы бюджетке түседi.

      3. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серітестігі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады