Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № А-4/363 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 5 ақпандағы KZ30VBG01720861 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Көкшетау қаласы, Глинин көшесі, Ә. Баймұқанов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциядан № 181 бастап 0,4 кВ әуе жесіне қызмет көрсету үшін жер учаскелерін алып қоймай, ауданы 0,0010 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут орнатылсын.

      2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 35 (отыз бес) теңге төлемақы бюджетке түседi.

      3. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады