Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 27 наурыздағы KZ13VBG01743477 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Көкшетау қаласы, "Көкше-Аэропорт" кВ 35 "Көкше" әуе жесіне кВ 220/110/35/10 қосалқы станциядан мекенжайы бойынша орналасқан, "Көкше-Аэропорт" кВ 35 "Көкше" әуе жесіне кВ 220/110/35/10 қосалқы станциядан қызмет көрсету үшін жер учаскелерін алып қоймай, ауданы 0,0200 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут орнатылсын.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 695 (алты жүз тоқсан бес) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |