Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 08 сәуірдегі № KZ28VBG01748542 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Көкшетау қаласы, 10-мектеп ауданы, Әуезов көшесі бойынша Бармашино аялдамасына Қопа көліне дейін мекенжайы бойынша орналасқан, нөсерлік кәрізді салу үшін, ауданы 0,4080 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 14 174 (он төрт мың жүз жетпіс төрт) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |