Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 9 сәуірдегі № KZ49VBG01749910 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына Көкшетау қаласы, № 9 ТП-дан Е.Н. Әуелбеков көшесі, 57 үйге дейін мекенжайы бойынша орналасқан, электр желілерін пайдалану үшін, ауданы 0,2845 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 9 884 (тоғыз мың сегіз жүз сексен төрт) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |