Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № А-7/252 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1-тармағына, 69-бабының 4-тармағының 7-1-тармақшасына, 71-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2022 жылғы 4 тамыздағы №1806-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия және "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № ЗТ-2026-02690964 өтініші негізінде, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жалпы ауданы 4267,7 гектар жер учаскесіне мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жерде, мұндай жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай, 2028 жылғы 4 тамызға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. Жер теліміне ауыртпалықтар мен сервитуттар жоқ.

      3. Пайдаланудағы шектеулер: санитарлық-экологиялық нормаларды сақтау, желілік объектілерге қол жеткізу.

      4. "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Г. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады