"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/153 қаулысының күші жойылды деп танылсын
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Е. Сейтмағановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қаласының әкімі | Г. Қасенов |